Жаңалықтар
Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 21 желтоқсан, 2023
- 43
Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
2023 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен Мойынқұм ауданының бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі: 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында 95,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,0 %-ға орындалды.
Есепті кезеңде 1,8 тонна алтын; 342,0 кг күміс; 1,5 млн. тонна цемент; 1,2 млн. тонна әктас; 116,1 мың тонна барит рудасы мен концентраты; 28,7 мың текше метр гранит; 445,1 тонна балық өндірілді.
Өнеркәсіп өнімдері көлемінің жылдық болжамы 100,5 млрд. теңгені құрап, НКИ 105,9 %-ға орындалатын болады деп күтілуде. Анықтама. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 88,5 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 98,3 %-ды құраған болатын. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі: 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында 8,0 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 5,8 млрд. теңге, егін шаруашылығы 2,2 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің жылдық болжамы 8,7 млрд. теңгені құрап (мал шаруашылығы 6,2 млрд. теңге, егін шаруашылығы 2,5 млрд. теңге), НКИ 102,3 %-ға орындалатын болады деп күтілуде. Есепті кезеңде: - Мүйізді ірі қара 17,5 %-ға - Қой мен ешкі 9,2 %-ға - Жылқы 25,8 %-ға артса, - Үй құстары 0,1 %-ға, - Түйе 19,8 %-ға кеміген. - Тірі салмақтағы ет 4,9 %-ға - Сүт 0,2 %-ға - Жұмыртқа 0,1 %-ға артты. Ағымдағы жылы 5749,0 га аумақта егін егілді. Оның ішінде: - 2106,0 га дәнді дақылдар, - 12,0 га майлы дақылдар, - 133,0 га картоп, - 206,5 га көкөніс, - 203,5 га бақша дақылдары, - 3088,0 га мал азығы құрайды. Анықтама. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі 7,8 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 102,3 %-ға орындалған болатын. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында 24,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 120,5 %-ға орындалды.
Инвестиция көлемі жыл қорытындысымен шамамен 25,6 млрд. теңгені құрап, НКИ 103,7 %-ға орындалатын болады деп күтілуде. Анықтама. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 19,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 73,4 %-ды құраған болатын. Құрылыс жұмыстарының көлемі: 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында 14,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 140,1 %-ға орындалды.
Құрылыс жұмыстары көлемінің жылдық болжамы 15,0 млрд. теңгені құрап, НКИ 124,3 %-ға орындалатын болады деп күтілуде. Анықтама. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 10,6 млрд. теңге, нақты көлем индексі 38,0 %-ды құраған болатын. Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы: 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында 4423,0 шаршы метрді, нақты көлем индексі 84,9 %-ды құрады.
Облыстық құрылыс басқармасымен ағымдағы жылға біздің ауданға пайдалануға берілетін тұрғын үй алаңына 5300,0 шаршы метр көлемінде индикаторлық көрсеткіш межесі белгіленген. Белгіленген индикаторлық көрсеткіш межесін толық көлемде орындайтын боламыз. Анықтама. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында тұрғын үй көлемі 5212,0 шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 30,7 %-ға орындалған болатын. Бөлшек сауда айналымының көлемі: 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында 3,7 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 108,4 %-ға орындалды.
Бөлшек сауда айналымының жылдық болжамы 4,0 млрд. теңгені құрап, НКИ 114,8 %-ға орындалатын болады деп күтілуде. Анықтама. 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында бөлшек сауда айналымының көлемі 2,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 116,7 % -ға орындалған болатын. Бюджет Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен кірістер 7451,9 млн. теңгеге (жоспар 7030,9 млн. теңге) орындалып, жоспар 6,0 %-ға артты. Жыл қорытындысымен кірістер жоспарда 7702,4 млн. теңге болса, орындалуы 8111,4 млн. теңге немесе 105,3 %-ды құрайтын болады деп күтілуде.
Қаңтар-қараша айларының қорытындысымен аудан бюджетінің шығындары жоспарда 7391,7 млн. теңге болса, орындалуы 7109,6 млн. теңгені құрап, 282,1 млн. теңге игерілмеді немесе 3,8 %-ға кем орындалды
Дегенмен жыл қорытындысымен шығындар жоспарда 8576,6 млн. теңге болса, орындалуы 8486,3 млн. теңге немесе 98,6 %-ды құрайтын болады деп күтілуде. Автомобиль жолдары Ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына барлық бюджет көздерінен 725,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет 409,6 млн. теңге, облыстық бюджеттен 78,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен 237,5 млн. теңге қаржы қарастырылды.
Аталған қаржыларға Көкжелек ауылына кіре беріс аудандық мәндегі 4,7 шақырымды құрайтын автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Жоба 2024 жылға өтпелі.
Мойынқұм, Биназар, Шығанақ, Қарабөгет, Хантау және Қылышбай ауылдарындағы көше жолдарын орташа жөндеу жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталды. Сондай-ақ аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде. Газдандыру Мойынқұм ауданының Айдарлы, Бірлік, Биназар елді мекендерін газдандырудың 1-кезеңі бойынша 67,5 шақырымды құрайтын газбен жабдықтау жүйесінің құрылысының жобасы республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Орындалуы облыстың даму жоспарында 2024-2026 жылдарға жоспарланған.
Сондай-ақ Мойынқұм ауданының Айдарлы, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай, Хантау, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек елді мекендерін газ құбырлары мен газ тарату желілері құрылысы жобаларына ЖСҚ әзірлену үстінде.
Ауыз сумен қамсыздандыру Аудан бойынша 24 ауылдық елді мекеннің 20 елді мекені немесе 83,3%-ы (аудан тұрғындарының 93,8 %) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Ақсүйек ауылында жобалық құны 1 млрд. 461,3 млн. теңге болатын ауыз сумен жабдықтау және су тарату жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Жоба 2024 жылға өтпелі.
Ағымдағы жылы жобалық құны 423,7 млн. теңгені құрайтын Көкжелек ауылының магистралдық және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілді. Жоба 2022 жылдан өтпелі. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы Хантау ауылын ауыз сумен жабдықтау және су тарату құрылысына бюджеттен 533,5 млн. теңге қаржы қаралды. Мемлекеттік сатып алу порталының нәтижесіне аппеляциялық шағым түсіп, сот процесстері болды. Қазіргі уақытта жобаның жеңімпазы анықталып, жұмыстар атқарылуда. Жоба 2024 жылға өтпелі болады.
Ауыз сумен қамтылмаған өзге елді мекендер облыстың 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес ауыз сумен қамтылатын болады. Ақбақай ауылында магистралдық және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы 2024 жылға, Бурылбайтал ауылында ауыз суды тазартуға арналған кешенді блок-модуль орнату жұмыстары 2024 жылға және Қашқантеңіз станциясында ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы 2025 жылға жоспарланып отыр.
Білім беру Бүгінгі күнге ауданда 45 білім мекемесі бар (24 мектеп, 15 балабақша, 5 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет). Мектептерде жалпы 960 педагог жұмыс істейді.
2023-2024 оқу жылында 5626 оқушыны қамтитын 24 мектеп жұмыс жасауда. Биылғы жылы 577 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.
2022-2023 оқу жылын 296 түлек аяқтады. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуге 252 түлек қатысты.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары және үздік оқушылар жазғы демалыста Қордай ауылындағы “Балауса” лагерінде демалып қайтты. Бұл шараға бюджеттен 7,7 млн. теңге қаржы қаралып, 183 оқушыны қамтыды.
Биылғы жылы Айдарлы ауылындағы №2, Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы 2024 жылы Мыңарал ауылында 120 орындық және Қарабөгет ауылында 80 орындық жаңа мектеп ғимараттары бой көтеретін болады. Бұл 2 жобаның жалпы сметалық құны 3,4 млрд. теңгені құрап отыр.
2023 жылдың бюджетін нақтылау барысында облыстық бюджеттен Мыңарал ауылындағы мектеп ғимаратының құрылысына 250,0 млн. теңге, Қарабөгет ауылындағы мектеп ғимаратының құрылысына 250,0 млн. теңге қаржы қаралды. Қазіргі уақытта 2 мектеп құрылысының мердігері анықталды.
Алдағы жылы сондай-ақ Ақбақай ауылындағы Ақбақай орта мектебінің ғимаратының “Б” блогына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жобаның құны 88,0 млн. теңге. Денсаулық сақтау Жалпы ауданда халыққа 25 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді (аурухана - 1, дәрігерлік амбулатория – 8, фельдшерлік-акушерлік тірек - 5, медициналық тірек – 10, жеке тіс клиникасы - 1).
Есепті кезеңде аналар өлімі орын алған жоқ. Туылған балалар саны 473 сәби (2022 жылы – 504 сәби).
Сарыөзек ауылында медициналық тірек ғимараты құрылысына ЖСҚ әзірленді. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы жасалатын болады.
Аудандық орталық ауруханада ауыз су жүйесі, кәріз жүйесі, жылу жүйесі, электр жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны 330,0 млн. теңге. Жоба 2024 жылға өтпелі. Мәдениет және спорт Ауданда 39 мәдени ошақ халыққа қызмет көрсетуде (1 аудандық мәдениет үйі, 20 кітапхана, 18 клуб).
Биылғы жылы аудан орталығындағы Қ.Рысқұлбеков саябағын абаттандыруға 21,2 млн. теңге қаржы қаралды. Жоба 2022 жылдан өтпелі. Жалпы жоба құны 30,2 млн. теңгені құрайды.
Айдарлы ауылына 90 орындық клуб пен кітапхана құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджетке “Ауыл ел бесігі” жобасы аясында қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды. Жоба облыстың және ауданның даму жоспарларына сәйкес 2024-2025 жылдары кезең-кезеңімен іске асырылады. Жоба құны 279,0 млн. теңге.
Ауданда барлығы 148 спорт нысаны бар (3 спорт кешені, 1 орталық стадион, 32 спорт зал және 112 спорт алаңдар мен алаңшалар). Жалпы саны 11 429 аудан тұрғыны немесе аудан халқының 40,1 %-ы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
“Ауыл ел бесігі” жобасы аясында құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған Айдарлы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жоба құрылысына қатысты конкурсқа қатысушылардың сотқа шағымдануына орай, жобаны іске асыру мерзімі ұзартылды. Тиісті жобалаушы және техникалық қадалаушылардың келісімімен келісім шартқа өзгеріс енгізіліп, аяқтау мерзімі 2024 жылдың 31 шілдесіне ұзартылды (Жоба құны 359,2 млн. теңге).
Ағымдағы жылы Ақбақай ауылында (Жоба құны 17,5 млн. теңге) және Сарыөзек ауылында (Жоба құны 20,0 млн. теңге) кіші футбол алаңшалары орнатылды.
Сондай-ақ демеушілер есебінен Ұланбел және Мыңарал ауылдарында заманауи спорт алаңшалары орнатылды.
Алдағы 2024 жылы Қияқты ауылында заманауи спорт алаңшасы (Жоба құны 22,0 млн. теңге) орнатылатын болады. “Дипломмен ауылға” жобасы Жоба бойынша 30 маманға тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік кредит беру үшін республикалық бюджеттен 155,2 млн. теңге және 100 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге аудандық бюджеттен 34,5 млн. теңге қаржы қаралды.
Жыл басынан бері жоба аясында 30 маманға қаралған 155,2 млн. теңге бюджеттік несие толығымен игерілді.
Сондай-ақ 30 маманға аудандық бюджеттен 10,3 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру Ағымдағы жылдың соңына дейін 1906 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілген.
Қаңтар-қараша айларының қорытындысымен 2329 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды немесе 122,2 %-ды құрады. Әлеуметтік жұмыс орнына 77 адамға, жастар практикасына
92 жасқа, ақылы қоғамдық жұмысқа 625 адамға жолдама берілді.
1162 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 60 жұмыссыз мүмкіндігі шектелу азаматтар болып табылады.
Аудан бойынша ағымдағы жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 123,5 млн. теңге бөлініп, 85 отбасының 477 мүшесіне 30,6 млн. теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып төленді. Қылмысқа қарсы күрес Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ауданда барлығы 92 қылмыс (2022 жылы 98 қылмыс) орын алды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 қылмысқа немесе 6,1 пайызға кеміген. Қылмыстардың ашылуы 85,9 пайызды құрап отыр.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында 19 қылмыс тіркеліп, ашылуы 90,0 пайызды, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша 17 қылмыс тіркеліп, ашылуы 80,0 пайызды, жол апаты бойынша 28 дерек тіркеліп, мал ұрлығы деректері бойынша 1 қылмыс, пәтер тонау бойынша 5 қылмыс тіркеліп, толығымен ашылды.
Келесі мақала
Қаңтар айында қазақстандықтар неше күн демалады?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024