Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ҚАРЖЫ ТӘРТІБІ КҮШЕЙДІ: 2025 ЖЫЛҒЫ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ

ҚАРЖЫ ТӘРТІБІ КҮШЕЙДІ: 2025 ЖЫЛҒЫ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ашық
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуына, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Тексеру комиссиясы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына, сонымен қатар, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 6-НҚ нормативтік қаулысына және т.б. нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес атқарады.

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес 16 мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде: аудиторлық іс-шаралар саны – 8, сараптамалық-талдау іс-шаралар саны – 8.

Мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары 117 мемлекеттік аудит объектілерінде жүргізілді, оның ішінде барлығы мемлекеттік мекемелер. Сондай-ақ, үстеме тексерумен 10 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды.

Мемлекеттік аудитпен 136 млрд. 346,2 млн. теңге қаражат қамтылды. Оның ішінде: 122 млрд. 330,1 млн. теңге  жергілікті бюджет қаражаты (89,7%), 14 млрд. 016,1 млн. теңге республикалық бюджет қаражаты (10,3%) (республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер).

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесінде 141 млрд. 836,2 млн. теңгенің бұзушылықтары, 902 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 36 бірлік жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде:

- қаржылық бұзушылық – 27 млрд. 175,1 млн. теңге, 19,1%;

- тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері – 7 млрд. 338,4 млн. теңге, 5,2%;

- бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау –              16 млрд. 30,4 млн. теңге, 11,3%;

- қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған қаржылық есептіліктің бұрмалануы – 91 млрд. 292,3 млн. теңге, 64,4%.

Бағыттар бойынша (қаржылық бұзушылықтар):

- бюджетке түсетін түсімдер бойынша 898,0 млн. теңге, 0,8%;

- бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде 11 млрд. 107,3 млн. теңге, 9,4%;

- бухгалтерлiк есепті жүргізу кезінде 15 млрд. 169,7 млн. теңге, 12,8%;

- қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің бұрмалануы (қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған) кезінде 91 млрд. 292,3 млн. теңге (77,0%).

Ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда (бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде) – 1 млрд. 994,2 млн. теңге.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың ішінде:

- бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары – 94 бірлік, 10,4%;

- бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде – 122 бірлік, 13,5%;

- қаржылық есептілікті жасау кезінде – 5 бірлік, 0,6%;

- құрылыс және қала құрылысы саласында – 143 бірлік, 15,9%;

- мемлекеттік сатып алу саласында – 335 бірлік, 37,1%;

- өзге де салалық заңнаманың бұзушылықтары – 203 бірлік, 22,5%.

 

Жалпы жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша есепті кезеңде Тексеру комиссиясының 16 қаулысы қабылданды.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және кемшіліктерге жол берген лауазымды қызметкерлердің жауапкершілігін қарау жөнінде мемлекеттік аудит объектілеріне 65 нұсқама жолданды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде қалпына келтірілуге және өтелуге жататыны 118 млрд. 467,4 млн. теңге. Оның ішінде: өтелуге жататыны 1 млрд. 633,4 млн. теңге, қалпына келтірілуге жататыны        116 млрд. 834,0 млн. теңге.

Бүгінгі күнге 6 млрд. 116,1 млн. теңгесі қалпына келтірілген және өтелген. Оның ішінде: 678,9 млн. теңге бюджет кірісіне өтеліп,     5 млрд. 437,2 млн. теңгесі қалпына келтірілген.

Қалпына келтіруге және өтелуге жататын 112 млрд. 351,2 млн. теңгенің орындалу мерзімдері келмеген.

(сонымен қатар, әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға жолданған, сотқа талап қоюға бастамашылық жасау туралы жұмыстары жүргізілуде)

Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 116 қызметшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 71 ескерту, 42 сөгіс, 2 қатаң сөгіс және 1 лауазымын төмендету.

Сонымен қатар, 171 қызметшілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 57,9 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Атап айтқанда:

1) Лауазымды тұлғалардың тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңдарының талаптары бұзылғандықтан Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне әкімшілік шара қолдану үшін жолданған 391 материал бойынша жалпы сомасы 47,8 млн. теңге айыппұл салынды.

2) Құрылыс саласында тапсырыс берушінің, мердігердің, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы жолданған 27 материал бойынша жалпы сомасы 6,1 млн. теңге айыппұл салынды.

3) Тексеру комиссиясының өз құзыреті шеңберінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшін сот органына жолданған 8 материал бойынша 1,0 млн. теңге айыппұл салынды.

4) Тексеру комиссиясы тарапынан мемлекеттiк аудиторлардың өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды беруден бас тарту түріндегі кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру, жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбеуі бойынша 10 хаттама толтырылып, 2,9 млн. теңге айыппұл салынды.

Лауазымды тұлғалардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің орын алуына байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысының прокуратурасына жолданған 1 материал бойынша Тараз қаласының №2 сотының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі №3111-24-00-1/508 үкімімен жекешелендіру объектілерін сату қағидасының талаптарын сақтамай мемлекеттік мүлікті заңсыз жекешелендіргені үшін Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды 2 тұлғасы қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктерді талқылау үшін аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары, облыстық мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде отырыстар өткізіледі. Отырыстың өтетін уақыты Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының ресми сайтында жарияланады.

Жиында аудит барысында орын алған кемшіліктер жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды болдырмау, азайту үшін тиісті бағыт-бағдар беріледі.

Атап өтетін мәселе, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы тарапынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының 2025 жылғы қызметін бағалау қорытындысымен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметі 113 баллмен «тиімді» деп бағаланды (мүмкін болған 126 баллдан) және барлығы 20 тексеру комиссияларының ішінен 8-ші орынға орналастық. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 101 баллмен 12-ші орын иеленген болатынбыз.

Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың  және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты шектеулерді, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бермеу, сонымен қатар мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер бойынша профилактикалық іс-шара үнемі жүргізілуде.

 Мысалы, мемлекеттік қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық іс-шара Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің №67  түзету мекемесінде ұйымдастырылып,  заңбұзушылықтың соңы неге апаратындығы, қандайда болсын құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде   қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы мамандарымен бірлесе жалпы қызметтік Әдеп нормаларының және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақталуына, сонымен қатар қызметшілердің құқықтарының қорғалуына қатысты, оның ішінде тәртіптік шараларды қолданудың кейбір мәселелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, талқыланды.

Ұжымдағы өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығы, сондай-ақ жалпыға бірдей моральдық-әдептілік нормалардың сақталуына баса назар аударылуда, бұл ретте «Наурыз -мейрамы» мемлекеттік мерексі аясында, Наурызнаманың 10 күндігі  «20 наурыз – Ұлттық спорт күні» Тексеру комиссиясының қызметкерлерінің және ардагерлерінің қатысуымен, ұлттық спорттық ойын түрлері бойынша жарыс ұйымдастырылып Наурыз мерекесі аталып өтті. Бұдан бөлек, 2025 жылғы 23 маусымында  - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай жиын барысында, ұжым арасында талапты, білімді, еңбекқор, дарынды маман ретінде көрсеткен жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары шақыртылып  АТА-АНАҒА АЛҒЫС ХАТ-пен марапатталып құрмет көрсетілді.

Мекеме ішінде кадрларды даярлау, біліктілікті арттыру мақсатында 2 жас маман аудит саласында білімдерін жетілдіріп, ағымдағы жылы «мемлекеттік аудитор» сертификатын иеленді. Сондай-ақ, 3 қызметкер «жоғары санаттағы мемлекеттік аудитор» біліктілігін алды.

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар