Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚАРЖЫ ТӘРТІБІ КҮШЕЙДІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚАРЖЫ ТӘРТІБІ КҮШЕЙДІ
ашық
Бүгінгі таңда бюджеттік қаражатты жымқыру текқана Қазақстанда емес, экономикасы дамып келе жатқан елдердің көпшілігі үшін де өзекті мәселе болып табылады.

Мемлекеттік бюджет – бұл мұғәлімдердің, дәрігерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы ғана емес, сонымен қатар сапалы жолдар, балабақшалар мен мектептер, халыққа қызмет көрсету, ауыл шаруашылығын қолдау және т.б.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің негізгі мақсаты – еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғау.

Осыған байланысты, бюджет қаражатының жымқыру деректерін анықтау біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Департаментпен жыл сайын осы салада көптеген деректер анықталады.

Мәселен, соңғы 6 жылда Департаментте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 «жымқыру» және 190 «алаяқтық» баптары бойынша 92 қылмыстық іс тіркелген.

2,4 млрд теңгеден астам келтірілген залал көлемінен, 376,8 млн тенге өтеліп, құны 2,8 млрд. теңгені құрайтын мүлік тәркіленді.

Ең жиі кездесетін деректер – ауыл шаруашылығы саласындағы жымқыру әрекеттері.

Осылайша, мемлекет ауыл шаруашылығын субсидиялауға миллиондаған қаржы бөлген жағдайда, бұл арсыз кәсіпкерлер мен басқа да тұлғаларды мемлекеттен негізсіз ақша алу үшін түрлі алаяқтық схемаларды қолдануға итермелейді.

Облыста 544 мың адам жұмыспен қамтылса, ауыл шаруашылығымен 138 мыңнан астам адам айналысады, бұл басқа салалардыңқызметкерлерінен бір жарым есеге көп.

Салыстыру үшін, алғашқы үштікке 83 мың адамы бар білім саласы, сондай-ақ 79 мың адамы бар сауда саласы да кіреді.

Талдау көрсеткендей, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға байланысты шаруалардың бөлінген бюджет қаражатына қолжетімділігі және бюджет қаражатын ұрлаудың тиісті тәуекелдері бойынша бірқатар проблемалық мәселелер бар.

Аталған құқық бұзушылықтардың себептерін зерттеп, оларды жою шараларын қабылдаудамыз. Осы мақсатта біз әртүрлі министрліктер мен ведомстволарға бюджет қаражатын беру нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жүйелі түрде енгіземіз.

Себептер қаржыландыру ережелерінің жетілдірілмегендігі ғана емес, делдалдық қызмет нәтижесінде бюджет қаражатының үшінші қолға, яғни алаяқтардың қолына түсуі, бюджет қаражатын аударудың дамымаған механизмі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі құрылған сәттен бастап, экономикалық тергеу қызметі бюджет қаражатын ұрлаудың ірі деректерін анықтауға жұмылдырылды.

Мысал ретінде таңқурайдың элиталық сорттарын сатып алуға бөлінген субсидиялардың ұрлануын келтіргім келеді.

Департамент жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша шаруа қожалықтарының егістік алқаптарында ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын сорттары табылмаған.

Осылайша, қылмыскерлер мемлекеттен заңсыз түрде 900 миллион теңгеден астам субсидия алған.

Бұл дерек бойынша сот үкімі шықты, кінәлілер әртүрлі мерзімге сотталды.

Осыған қоса тағы бір мысал айтқым келеді: агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың «Ауыл шаруашылығы техникаларын, машиналарын және жабдықтарын алу» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары атынан, алаяқтық арқылы заңсыз субсидия алған тұлғаларға 2023-2024 жылдары сот үкімдерді шығарды.

Осылайша, фермерлердің құқықтық нигилизміне байланысты шаруа қожалықтары атынан делдалдар шығындарды өтеу үшін субсидия алуға өтінім берді. Кейіннен мемлекет қажетті соманы бөліп, қаражат делдалдардың қолына түседі, ал фермерлер қолдан жасалған, сапасыз техника алады.

Бұл мысалдар мұндай алаяқтықтың жекелеген жағдайлары емес. Бүгінгі таңда алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен шаруа қожалықтарының жалпы саны анықталды, олардың саны 200-ден асады.

Осы бағытта барлық қажетті тергеу-жедел амалдары жүргізілуде.

Тергеліп жатқан істер аясында нақты ақшамен келтірілген шығынды өтеу ғана емес, қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салу қарастырылғанын да қоса кеткім келеді.

Осы сәтті пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы барлық кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарының басшыларына электрондық цифрлық қолтаңбаны алаяқ болып шығуы мүмкін үшінші тұлғаларға беруге және пайдалануға жол бермеуге туралы ескертеміз.

Біз шаруа қожалықтарын заңнаманы сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заң аясында жұмыс істеуге шақырамыз.

Сондай-ақ, экономикалық құқық бұзушылық деректері туралы «AFM Insider» телеграмма ботына немесе Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің сенім телефоны (кезекші бөлімі) арқылы әрқашан хабарлауға болатынын хабарлаймыз: 34-76-26.

Азаматтарды құқық бұзушылықтарға "нөлдік" төзімділік танытуға, Мемлекет басшысымен ұсынылған "Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті құқық қорғау және мемлекеттік органдарға жүгінуге шақырамыз.

Бизнесті қорғау және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара әрекеттесуі

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі басшылығының сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау және адал кәсіпкерлердің қылмыстық процеске тартылуына жол бермеу туралы тапсырмаларына сәйкес барлық қажетті шаралар қабылдауда.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің нұсқауларына сәйкес, кез келген іс-шаралар бизнес субъектілердің қызметіне араласпай алдынала талдау жұмыстарының негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Департаментте қаржы пирамидалары, мемлекеттік сатып алу саладағы жымқыру, бюджетке салық төлеуден жалтару және басқа да қызмет салаларында алдын ала ақпарат жинау және талдау функцияларын орындау мақсатында талдау орталығы құрылған. Аталған орталықпен берген нәтижелері уәкілетті органдармен қайта тексеріліп, алынады.

Бұл шаралар адал кәсіпкерлерді қылмыстық процеске тартуға мүмкіндік бермейді. Адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін болдырмау мақсатында, қылмыстық істер мемлекеттік бюджетке келтірілген залалдың бар екендігін растайтын тексерулер мен сараптамалар болған жағдайда, сондай-ақ алдын ала талдау жұмыстарының негізінде ғана қозғалады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, қылмыстық іс тіркелмей кез келген процестік әрекеттері алынып тасталды. Барлық процессуалдық іс-әрекеттер қатаң уақыт тәртібімен және тікелей әкімшілік ғимаратта жүргізіледі, процессуалдық әрекеттердің басталу және аяқталу уақыты «келушілерді қабылдау» ақпарат жүйесінде тіркеліп толтырылады.

2025 және 2026 жылдың 1 тоқсанында қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын бұзу деректеріне жол берілмегені туралы айтып өтуі жөн.

Адал кәсiпкерлердiң қызметiне әлеуеттi кедергi немесе кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне зиян келтiретiн (тексерулер, құжаттарды алып қою, мүлiкке билiк етудi шектеулер, кәсiпорын шоттарына тыйым салу және т.б.) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жол берiлмейдi.

Қылмыстық процеске қатысушылармен жүргізілетін тергеу әрекеттері барынша азайтылды. Азаматтар мен кәсіпкерлерді негізсіз шақыру фактілері алынып тасталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: әрекет ету уақыты» Жолдауын орындау мақсатында, заңдылықты, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беруді және қылмыстық саланы жаңғыртуды қамтамасыз ету бойынша, әрбір тергеу кабинеті бейнебақылау камерасымен жабдықталған.

Палата мен Департаментпен бірлесіп 2024-2025 жылдарда 50-ден аса іс-шаралар өткізілді, оның ішінде облыс көлемінде әлеуметтік маңызы бар тақырыптар бойынша: көлеңкелі экономикасының үлесін азайту, әлеуметтік газ, ауыл шаруашылықтарға дизель отынын кедергісіз жеткізу, субсидиялар, қаржылық пирамидалар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, есірткіге қарсы және тағы басқа мәселелері бойынша іс-шаралар өткізілді. Айтылғанды ескере отырып, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының қарымқатынасы жоғарғы деңгейде орын алуда.

Палатаның аланында тұрақты тұрде Департамент басшысы ай сайын кәсіркерлерге жеке қабылдауды өткізеді. Кәсіпкерлермен көтерілген проблемалық сұрақтар бойынша дөңгелек үстелдер мен уәкілетті органдармен кездесулер Палатамен бірлесіп ұйымдастырылады.

Аталған іс-шаралар бақылауға алынып, алдынгы кезенде жалғастырылады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар