Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында инвесторлар жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр

Жамбыл облысында инвесторлар жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында инвесторлар жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездекен отандық бизнес өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және білім беру саласында инновациялық технологияларды енгізу бойынша инвестициялық жобаларын таныстырды. «Primus Capital» ЖШС директоры Сапарбек Тұяқбаев өңірде жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Кәсіпорынның бастапқы қуаты – жылына 160 мың тоннадан асса, кейіннен бұл межені 330 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. С.Тұяқбаев облыстың географиялық қолайлығы және өңірдегі жоғары өнімділік қысқа мерзімде экспорттық жеткізілімдерді жолға қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Pine Holding» компаниясы мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу-зертханалық кешендер, робототехника, химия, биология және физика бойынша заманауи пәндік кабинеттер құру қызметтерін көрсетуге бағытталған. Кездесу соңында жауапты басқармаларға жобаларды жан-жақты зерделеу бойынша тапсырмалар берілді.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар