Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көш бастап тұр

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көш бастап тұр
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көш бастап тұр
Бүгінгі таңда Жамбыл облысын газдандыру деңгейі ел бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады және 90,2% құрайды немесе 1,1 млн адам табиғи газға қол жеткізген. Бұл бағытта республикалық бюджеттен Жамбыл облысының әкімдігі үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 5 млрд теңге бөлінді, ал 2024 жылға арналған 5 жобаны іске асыруға 3,3 млрд теңге көзделген, оның ішінде Мойынқұм ауданының 9 елді мекенін газдандыруды бастауға 600 млн теңге қарастырылған. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 39 мыңға жуық тұрғыны бар 14 елді мекен табиғи газға қол жеткізе алады. Электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері де министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы жылдың 11 айында өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 4,0 млрд. кВтсағ құрады. Бұл ретте өңірді тұтыну 4,7 млрд кВтсағ құрайды. Облыста электр энергиясының негізгі көзі «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ болып табылады, белгіленген электр қуаты 1230 МВт-қа тең, жабдықтың физикалық тозуы 82,3% құрайды. Өңірдегі негізгі жылу көзі «ТаразЭнерго Орталығы» АҚ (ЖЭО-4) болып табылады, белгіленген жылу қуаты 685Гкал, жабдықтың физикалық тозуы 92% құрайды. Сондай-ақ, Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында вице-министр А.Жамауов «ТаразЭнерго орталығы» АҚ ЖЭО-4 және «Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС»-те болып, өңірдегі жылу беру маусымының өтуімен танысты. Энергия кәсіпорындары басшылығының ақпараты бойынша облыста жылыту маусымы тұрақты режимде өтуде. Есептік кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар