Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Достық керуені» жобасы аясындағы атқарылған жұмыстар туралы

«Достық керуені» жобасы аясындағы атқарылған жұмыстар туралы
ашық дереккөзі
«Достық керуені» жобасы аясындағы атқарылған жұмыстар туралы
Баршаңызға белгілі, Жамбыл жерінде 84 түрлі этнос, акредиттеуден өткен 75 этномәдени бірлестік бар. Жыл бойына арнайы жоспар бекітіліп этнос өкілдерінің бірлігін бекемдеруге арналған түрлі іс-шаралар өтеді. Осы орайда, «Қоғамдық келісім»  мекемесі шалғайдағы ауылдардың тұрғындары арасында, әсіресе этностар жиі шоғырланған аудандарда этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырды. Солардың бірі – «Достық керуені» жобасы.   Бұл жобаның мақсаты – өңірдің  этностары тығыз орналасқан аудандарда  этномәдени бірлестік мүшелерінің, ассамблея құрылымдарының  халықпен кездесулерін өткізу, коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар және қоғамдық-мәдени, басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу, жастар арасында мәдени-спорттық  байланыс орнату болатын.   Жоба аясында:  
  • ҚХА Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің отырыстары;
  • Жастар арасында ұлттық ойындар спартакиадасы;
  • «Бірлік – әралуандылықта» атты жас суретшілер мен қолөнершілер байқауы;
  • этнос жастарын қоғамдық өмірге интеграциялау мақсатында ассамблея жастарының аудан жастарымен «PRO ANК» тақырыбында кездесуі;
  • ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ мектеп оқушыларына арналған «Менің елім - Қазақстаным» атты патриоттық тимбилдинг жүргізіп отырды;
  • Шалғай аудандағы таланттарды таныту мақсатындағы «Өнерім саған, Қазақстан!» фестивалінің облыстық байқауға іріктеу кезеңдері ұйымдастырылды.
  «Достық керуені» жобасы қыркүйек айында басталып,  Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай, Талас, Сарысу, Байзақ, Жуалы аудандарын қамтыды. Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің 560 адамның қатысуымен  16 отырысы өткізілсе, жас суретшілер байқауында 130 бала шығармашылығын таныстырды, «Өнерім саған Қазақстан»  фестивалінің іріктеу кезендеріне  100-ден аса үміткерлер өнерлерін көрсетті. Ассамблея жастарының аудан жастарымен «PRO ANK» тақырыбында 18 кездесуі  мен  мектеп оқушыларына арналған «Менің елім, Менің Қазақстаным» атты тимбилдингіне 900 адам қатысты. «Достық керуені» жобасы аясында «Ғылыми-сараптамалық қолдау»  бөлімінің сарапшылары Жамбыл облысындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандары мен елді-мекендерінді 394 респонденттерді қамти отырып, фокус-топтық зерттеулер мен сауалнамалар жүргізді.   Жоба аясында Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестерінің отырыстары ұйымдастырылып, этносаралық қатынасты нығайту, араздық тілін болдырмау, тұрмыстық кикілжіңдердің алдын алу, радикалды діни ағымдардың ықпалына ермеу, оқушылардың бірыңғай мектеп формасын киюін сақтау, отбасылық тәрбие, нәсілдік, тілдік, этносаралық алауыздықты тудыратын жалған ақпарат таратуға жол бермеу жөнінде түрлі мәселелер төңірегінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қарқынды  жүргізілді. Ауыл ақсақалдары мен Аналар кеңесінің мүшелері, Медиация отырыстарында қоғамдық-резонанстық мәселелерге жол берілмеуін қадағалау назарға алынды.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар