Жаңалықтар
Ұрланған байлық: 2023 жылы қанша сомадағы активтер мемлекетке қайтарылды
- author Zhambylokq
- 29 желтоқсан, 2023
- 115
Ұрланған байлық: 2023 жылы қанша сомадағы активтер мемлекетке қайтарылды
Бұған дейін депутат Ермұрат Бапи бастаған бірнеше мәжілісмен бас прокурорға активтерді қайтару жұмыстары неліктен жабық екенін айтып, шағым сипатында сауал жолдаған. Бас прокурордың жауабы «бәрі дұрыс» дегенге саяды.
25 желтоқсанда депуттаттарға берген жауабында бас прокуратура қанша сомадағы активтер мемлекетке қайтарылғаны жөнінде ақпарат береді.
– Біз жүздеген активтерді, яғни ірі холдингтерді бақылайтын тұлғалар туралы айтып отырғандықтан, комитет деректердің үлкен көлемімен, соның ішінде шетелдік көздерден алынған деректермен айналысады. Мəселен, бүгінде комитет сарапшыларының зерделеуінде субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларының 250 мыңға жуық банктік операцияcы бар. Заң бойынша шаралар қабылдаумен қатар, бұрын басталған іс-шаралар жалғасуда. Бүгінде мемлекетке 950 миллиард теңгеден астам активтер қайтарылды, - делінген жауапта.Комитеттің штат саны 50 бірлікті құрайды. Жедел кадрлық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті ведомстваға өзінің негізгі функцияларын бірден дерлік орындауға кірісуге мүмкіндік бергенін хабарлайды құзырлы орган.
– Комитет барлық құқық қорғау, арнайы мемлекеттік жəне уəкілетті органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Жұмыс шетелдік юрисдикцияларға қатысты мəселелерге (сұраныс бағыты, шетелдік мүдделі тараптармен байланыс жəне т.б.) сəйкес құрылымдалған, тартылған жұмысшылардың барлығы дерлік осымен айналысады. Халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты жалпы қолдауды 4 қызметкерден тұратын мамандандырылған басқарма қамтамасыз етеді. Активтерді қайтару жөніндегі іс-шаралар заңмен қорғалатын құпияны сақтаудағы шектеулерді ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланады, – делінген жауапта.Еске сала кетейік, бұған дейін вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа 500 млрд теңгенің күмәнді келісімшарттары анықталғанын мәлімдеген еді. Жалпы, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға мемлекет басшысы биыл 12 шілдеде қол қойған. Бұған дейін мәжіліс депутаттары заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі органдардың жұмысын сынға алған.Ермұрат Бапидің пкірінше, талан-таражға түскен активтерді қайтару – мемлекеттік дәрежеде жүргізілуі тиіс, бір жыл емес, бірнеше жылға созылуы тиіс науқан болуы керек.
– Билік тарапынан заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға мүдделілік сұйылып кетті. Мұның себебі – мүдделі органдар арасында талас-тартыс болды деп ойлаймын, әркім көрпені өзіне қарай тартқан болуы керек, – деген ол.Одан кейін антикор қазақстандықтардың шетелде заңсыз сатып алынған жылжымайтын мүліктері көрсетілген видео жариялаған.
Келесі мақала