Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ТАЛАС АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ТАЛАС АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
ашық
Бүгін Талас ауданының Бостандық ауылында тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жаңа Дене шынықтыру және сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Заманауи талаптарға сай салынған спорт нысанының ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтады.

Құны 550 миллион теңгеден астам жобаның жүзеге асуы ауыл жастары мен тұрғындарына спортпен шұғылдануға кең мүмкіндік береді. Кешенде қазақ күресі, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол және баскетбол секілді спорт түрлері бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Бұл жоба — ауылдық инфрақұрылымды дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асқан маңызды бастама.

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев өз сөзінде жаңа нысанның жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ашылу салтанатына аудан және ауыл әкімдігі өкілдері, спорт ардагерлері, жергілікті тұрғындар мен жастар қатысты.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар