Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

КӨЛБАСТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР КҮННІҢ ҚУАТЫН ИГІЛІККЕ АЙНАЛДЫРДЫ

КӨЛБАСТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР КҮННІҢ ҚУАТЫН ИГІЛІККЕ АЙНАЛДЫРДЫ
ашық
Мыңбұлақ ауылдық округінің тұрғыны, алпысты алқымдаған Елужан Момышев баламалы энергия көзін тиімді пайдаланып, өңірде алғашқы энергетика саласындағы жеке кәсіпкер атанды.

Биыл көктемде өз бақшасына күн электр станциясын орнатып, кәсіпке тың серпін берген азамат бүгінде сағатына 52 кВт қуат өндіретін жүйені іске қосқан. Елужан Момышев шет елдерден арнайы әкелінген 100 күн панелін қос қапталға орнатып, мамыр айынан бері 71 мың кВт электр энергиясын өндірген.

Өндірілген электр қуатын кәсіпкер Тараз қаласындағы электр тоғы компаниясына өткізіп, ел экономикасына өз үлесін қосуда.

Бүгінде 5000 тұрғыны бар Мыңбұлақ ауылдық округінде 131 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Солардың арасында Елужан Момышевтың тың бастамасы ауыл кәсіпкерлігінің жаңа бағытын айқындап, өңірдегі жас кәсіпкерлерге үлгі болып отыр.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар