Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстандықтар қай қалаларға пойызбен жиі қатынайды?

Қазақстандықтар қай қалаларға пойызбен жиі қатынайды?
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар қай қалаларға пойызбен жиі қатынайды?
ТЖ билеттеріне жоғары сұраныс жазғы және қысқы кезеңдерде (демалыс маусымы, каникул) және мереке күндері болады. Мысалы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2023 жылдың жазда 4 млн астам жолаушыны тасымалдады. Сондай-ақ, жолаушылар сұранысына ие қызметтердің бірі — «Күту парағы». Бұл қызметті bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында пайдалануға болады. «Күту парағы» көмегімен босатылған билеттерге кезекке тұра аласыз. 2023 жылы бұл қызмет 485 мың жолаушыға ұсынылды, оның ішінде 168 мың билет сатып алынды. Жолаушы вагондары паркін жаңарту және жолаушылардың ыңғайлы жүруі мақсатында жыл сайын жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу жұмысы жүріп жатыр. Бүгінгі күні ұлттық тасымалдаушының жолаушы вагондарының паркі — шамамен 2151, оның ішінде стандартты вагондар — 1311, Тальго вагондары — 732, электрдизель пойыздарының вагондары — 108. Парктің орташа тозуы — 44%. Паркті жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. 2022 жылы Stadler технологиясы бойынша 537 жоғары технологиялық жолаушы вагондарын сатып алуға шарт жасалды, оларды 2025-2030 жылдар аралығында жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өткен жылы ЗИКСТО зауытының 150 жолаушылар вагонын сатып алуға шарт жасалды. 2023 жылы зауыт 94 жаңа жолаушылар вагонын жеткізді. Олар «Маңғыстау-Атырау», «Ақтөбе— Атырау» және «Павлодар-Түркістан» бағыттары бойынша сәтті жүріп жатыр.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар