Жаңалықтар
Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын 42 спортшы қорғайды
- author Zhambylokq
- 4 қаңтар, 2024
- 155
Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын 42 спортшы қорғайды
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, жасөспірімдер құрамасы жеті спорт түрінің бесеуінен ел намысын қорғамақ.
Осыған орай, бүгін Астанада Ұлттық Олимпиада комитеті (ҚР ҰОК) мен Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің бірлескен жиыны өтіп, ұлттық құрама команданың алдағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысу мәселесі қаралды.
Жұмыс отырысы жақында Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті бірлесе ашқан жедел орталықта өтті. Орталықта жас спортшылардың Канвондағы нәтижелеріне жедел мониторинг жасалады. Кейін аталған Жедел орталық 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дайындық кезеңінде жұмыс істемек.
2024 жылғы жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасына құрама команданың дайындығы туралы ведомство басшылары, бас бапкерлер мен мемлекеттік жаттықтырушылар мәлімдеп, қазіргі таңда жасөспірімдер құрамасы дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатқанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы биыл 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді. Ал Францияның Париж қаласында XXXIII жазғы Олимпиада осы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтсе, ХVІІ Жазғы Паралимпиада биыл 28 тамыз - 8 қыркүйек аралығында өтеді.«Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды. Біздің спортшылар 30 жолдама жеңіп алды. 2020 жылы Лозаннада өткен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасымен салыстырғанда алға жылжу байқалады. Өйткені төрт жыл бұрын біздің құрама төрт спорт түрі бойынша 26 атлетті жарысқа қосқан болатын. Одан бөлек, Канвон-2024 қысқы ойындарында ұлттық құрама жетістікке жететін әлеуетке ие деп сеніммен айта аламын», - деді жиында сөз алған ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
- авторZhambylokq
- 25 желтоқсан, 2024