Жаңалықтар
Жамбылдық полицейлер «Пиротехника» жедел- алдын алу іс- шарасын қорытындылады
- author Zhambylokq
- 4 қаңтар, 2024
- 113
Жамбылдық полицейлер «Пиротехника» жедел- алдын алу іс- шарасын қорытындылады
2023 жылғы 25 желтоқсаннан 2024 жылғы 3 қаңтарға дейінгі аралықта Жамбыл облысының аумағында жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай - ақ жеке және заңды тұлғалар тарапынан азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымының және оларды қолданудың белгіленген қағидаларын сақтауын бақылауға бағытталған «Пиротехника» республикалық жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Өңірдегі Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасы деректерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
- Тексеру қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері пиротехникалық заттарды заңсыз өткізудің 84 дерегін анықтады, нәтижесінде 951 бірлік пиротехникалық заттар мен бұйымдар тәркіленді. Барлық бұзушылықтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, сондай- ақ 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, пиротехникалық заттарды іске қосу салдарынан алған жарақаттар бойынша азаматтардың жедел медициналық көмекке жүгіну деректері тіркелген жоқ, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тұрғындар арасында жарақаттануды болдырмау үшін Жамбыл облысының Полиция департаменті міндетті лицензиясы мен сертификаттары бар пиротехникалық заттарды арнайы бөлінген орындарда ғана сатып алу қажеттігін қатаң ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
- авторZhambylokq
- 25 желтоқсан, 2024