Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін арттыру

Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін арттыру
ашық дереккөзі
Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін арттыру
«Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 19 қазандағы №925 Үкімет Қаулысына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 133145 жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшерлері 9 пайызға арттырылды. 01.01.2024 жылдан бастап «Қазақстан Республикасынд зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының жобасына сәйкес, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 55 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды, яғни жаңадан 2024 жылы тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 203060 теңгені құрады (55*3692). 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының жобасына сәйкес, ең төменгі зейнетақы мөлшері 57853 теңге мөлшерінде (01.01.2023 жылы 53076 теңгені құраған) белгіленді. Осылайша, 2024 жылы ең төменгі зейнетақы төлемдері 94749 теңгені құрады (ең төменгі зейнетақы және базалық зейнетақыны қосқанда). Еңбек сіңірген жылдары үшін күш құрылымдарынан зейнетақы алушылардың зейнетақы төлем мөлшерлері алып отырған зейнетақы төлем мөлшерлерінен 9 пайызға арттырылды. Базалық зейнетақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгіленеді. 2024 жылдың қаңтарынан 28215 теңге мөлшерінде белгіленген. Базалық зейнетақыны жасына байланысты зейнетақыға қосымша барлық зейнеткерлер, сондай-ақ, өз жәрдемақыларына қосымша зейнеткерлік жасына жеткен мүгедектер алады. Зейнеткерлік жасына жеткен, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша немесе жасына байланысты жәрдемақы алушы тұлғалардың, көрсетілген жәрдемақылар орнына базалық зейнетақыны алуға құқықтары бар. Осы аталған базалық зейнетақыны бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша 127709 зейнеткер алады. Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда  отбасының табысына қарамастан төленетін төлем, 2014 жылдың сәуір айынан 38 АЕК мөлшерінде төленуде. 2024 жылдың 1 қаңтарынан 140296 теңгені құрады. Баланы және ананы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында жанұяда төрт және одан да көп баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2014 жылдың сәуір айынан 63 АЕК мөлшерінде төленіп келеді. 2024 жылдың қаңтарынан жәрдемақы мөлшері 232596 теңгені құрады. Баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджеттен отбасының табысына қарамастан төленеді. 2024 жылы 7 пайызға арттырылады: Жамбыл облысы бойынша бұл өзгеріс 2024 жылы балалары бір жарым жасқа толатын 10595 бала күтімі бойынша жәрдемақы алушыларға әсерін тигізді. Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,61 мөлшерінде төленеді. Бұл төлем мүгедек балаға төленетін жәрдемақыға қарамастан жүргізіледі. Жәрдемақы көлемі 01.07.2023 жылдың қаңтарынан 65313 теңгені құраған. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап аталған жәрдемақы мөлшері 7 пайызға артып, 69886 теңгені құрады. Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға арналған жәрдемақы 2024 жылдың қаңтар айынан бастап мөлшері 7  пайызға артып, 69886 теңгені құрады. «2024-2026 жылға арналған республикалық бюджет» туралы ҚР Заңына сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің көрсеткіші 40567 теңгеден 43407 теңгеге өзгерді. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшерлері 2024 жылдың 1 қаңтарынан  бастап, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты арттырылады. Жамбыл облысында бұл өзгеріс мүгедектігі бойынша 34392 жәрдемақы алушылардың барлық санаттарын, асыраушысынан айырылуына байланысты 13110 жәрдемақы алушыларды қамтиды. Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі ретінде, 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Сақтандырудың жұмыс істейтін азаматтар үшін үш түрі қарастырылған болатын - еңбек ету қабілетін жоғалту, асыраушысынан айырылу және жұмыстан айырылу жағдайлардан сақтандыру. Бүгінгі күнде меншік түріне қарамастан барлық өнеркәсіп пен мекемелер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өз жұмысшылары үшін еңбекақысынан 3,5% көлемінде есептеп, әлеуметтік салық есебінен жарналар төлейді. Жамбыл облысы бойынша аталған төлемді алатын алушылардың саны 40921. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері 2024 жылдың 1 қаңтарынан 7 пайызға арттырылды.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар