Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысының білім саласындағы көрсеткіштер мен өзгерістер туралы

Жамбыл облысының білім саласындағы көрсеткіштер мен өзгерістер туралы
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының білім саласындағы көрсеткіштер мен өзгерістер туралы
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхит Аманқұлұлының қатысуымен баспасөз конференциясы  өтті. «Жамбыл облысының білім саласындғы көрсеткіштер мен өзерістер» тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. Брифинг барысында мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, материалдық техникалық базаның нығайуы, облыс оқушыларының қосымша біліммен қамтылуы,тәрбие бағыты, білім саласындағы жетістіктер мен жаңашылдықтар туралы айтылды. Облысымызда білім беру саласына 2023 жылы 280 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы 320,2 млрд. теңге бөлініп отыр, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,4%-ға өсіп отыр. Бүгінгі күні облыста 507 орта білім беру ұйымдарында 248 мыңнан аса оқушы білім алуда. Білім алушыларды қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізілуде. 2023 жылға 20 мектептің және 8 мектептің жапсарлас құрылысына қаржы қарастырылып, 5 мектеп және 2 мектептің жапсарлас құрылысы аяқталды.Нәтижесінде 2 оқушы орны тапшылығы бар, 3 тозығы жеткен мектептердің мәселесі шешілді. 2024 жылы 19 нысанның құрылысы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы басталған 7 мектептің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталып, 5-нің құрылысы ағымдағы жылы басталмақ. 2023 жылға 17 білім нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге  4,4 млрд. теңге қаржы қарастырылып, бүгінгі күні 16 білім нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 2023 жылы 776,4 млн. теңгеге 30 мектепке 90 жаңа модификациялық кабинеттер (30 химия, 30 физика, 30 биология),        72,5 млн. теңгеге 5 STEM, 5 робототехника кабинеттері,  19,6 млн. теңгеге Қордай ауданындағы №14 және №52 орта мектептеріне ұлдар мен қыздардың еңбек кабинеттері сатып алынды. 2024 жылы білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге 6,3 млрд. теңге қаржы қарастырылды.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар