Жаңалықтар
Жаңажол ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары
- author Zhambylokq
- 8 ақпан, 2024
- 123
Жаңажол ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары
Жаңа жол ауылдық округінде 2933 тұрғын бар, оның ішінде экономикалық белсенді –1547, немесе 52,7%, жалпы аула саны 590 болса, Жаңа жол ауылы көп ұлтты елді мекен болып саналады, оның 40,5 пайызы қазақ ұлты, ұлтаралық ынтымақтастық жақсы қалыптасып, бірлігі жарасқан елдімекен.
Округті дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Нүсіп Секеұлы көшесінің жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары - 1,500 км мердігер «Арсико Строй Инвест» ЖШС;
Нүсіп Секеұлы бұрылыстарына жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары – 1,070 км мердігер"Kaz National Construction" ЖШС;
Тәңірберген Тәжіұлы көшесінің - жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары -3,535 шқ мердігер «Арсико Строй Инвест» ЖШС;
Тәңірберген Тәжіұлы бұрылысы жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары -2,680 км мердігер «Шу Автодор» ЖШС;
Нүсіп Секеұлы көшесінің жаяу жүргінші жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары - 2,145 км мердігер «Шу Грандстрой» ЖШС;
Нүсіп Секеұлы көшесіне заманауи үлгідегі түнгі жарықтандыру жүргізілді; мердігер «Ауыл Береке» ЖК;
Тәңірберген көшесінің бас жағына аялдама орнатылды - мердігер «Asar» ЖК.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындарымен ауыз суға қосылу бойынша жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда округте 434 түтін ауыз сумен қамтылып отыр,
ол 73,6 пайызын құрайды. Білім саласында Б.Момышұлы атындағы орта мектебі 1969 жылы пайдалануға берілген. Орта мектепте екі тілде (қазақ, орыс) білім беріледі. 606 оқушы білім алуда, мектепалды даярлық сыныбында 48 оқушы.
100 орындық «Бәйшешек» бөбекжай бақшасында бүлдіршіндермен толық қамтылған. 25 баладан төрт топқа бөлінген.
Сонымен қатар дәрігерлік амбулаторияда 5 учаскелік медбике,
1 емдеу медбикесі, 1 қол ана медбикесі, 1 әлеуметтік жұмысшы, 2 кіші қызметкер, 1 жүргізуші, 2 қарауыл жұмыс істейді.
Жаңа жол ауылдық округінде мәдени ұйымдастырушысы мен кітапхана халыққа қызмет етуде.
Бүгінгі күнде ауылда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында барлығы 5 спорт нысаны бар. Атап айтқанда 1 - стадион,
1- мектеп спорт залы, 3 мини футбол алаңы. Ауыл тұрғындарына газ кіргізу бойынша. Бүгінгі күнге дейін 410 абонент мердігермен келісім шартқа отырып, газға қосылған немесе аула санының 69.5 % құрап отыр.
Ауыл шаруашылығы бойынша. Жаңа жол ауылында 254 шаруа қожалық тіркелген, оның 15-сі мал шаруашылығы, 239-сі егін шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 24669,4 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 23319,5 (оның ішінде-егістік-7491 га, жайылымдық-15270 га.). Округ тұрғындарының және шаруа қожалықтарының жеке меншігіндегі мал басы түгелдей есепке алынып, жылдың басына мүйізді ірі қара – 4376 бас, қой мен ешкі - 21700 бас, жылқы - 895 басты құрады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша көп балалы, аз қамтылған 13 (71 адам) отбасына 4 593 985 теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Бүгінгі күнге жалпы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 46 адам қамтылса, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына - 7, ақылы қоғамдық жұмысқа - 31 адам тартылды. Жастар практикасына 4 жастар жіберілді. Еңбек бағдарламасының екінші бағыты бойынша қайтарымсыз грант өз кәсібін бастауға 2 азаматқа 2 760 000 теңге берілді.
Сонымен қатар қысқа мерзімді оқытудан 2 адам өтсе, Бизнес бастау курсын 2 азамат оқып шықты. Ресми тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 31 адам құрап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024