Жаңалықтар
2023 жылдағы II жартыжылдағы елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау жағдайы
- author Zhambylokq
- 27 ақпан, 2024
- 120
2023 жылдағы II жартыжылдағы елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау жағдайы
2023 жылы облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау саласында жалпы 13,6 млрд. теңгеге 54 жобаны іске асыру жұмыстары басталып, жыл қорытындысымен 34 нысан пайдалануға берілді, қалған 20 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болды. Анықтама: Жыл қорытындысымен 17,2 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, қамтылу деңгейі 94,9 % (655,7 мың адам) жеткізілді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес 54 нысанның 5-уі ғана келесі жылға өтпелі болып көзделген (Қордай ауд. - Цемзавод, Еңбек, Күнбатыс-2, Т.Рысқұлов ауд. - Арай тұрғын алқабы, Шу ауд. - Қант зауыты).
Алайда, құрылыс жұмыстарының өндірістік кестеден кешігуі және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ұзақ мерзімге созылуына байланысты 15 нысан жыл соңына дейін аяқталмады. Атап айтсақ:
- Байзақ, Жамбыл, Қордай, Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласы бойынша 12 нысанда өндірістік кестеден кешігу орын алған (Байзақ ауд. - Ақиия, Қосақ, Жамбыл ауд. - Бесағаш-Түрксіб, Қордай ауд. - Қайнар, Степное, Сарыбұлақ, Мойынқұм ауд. - Ақсүйек, Сарысу ауд. - Тоғызкент, Саудакент, Шу ауд. - Сауытбек, Көктөбе, Тараз қ. - 28 саяжай тұрғын алқабы). - Меркі және Мойынқұм аудандары бойынша 3 нысанда мемлекеттік сатып алу рәсімдері ұзақ мерзімге созылған (Меркі ауд. - Қайыңдысай, Құмарық, Мойынқұм ауд. - Хантау). Атқырылған жұмыстардың нәтижесінде, 2023 жылдың қорытындысымен сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен:
- қалаларда 97,5% (513,451 мың адам); - ауылдық 313 елді мекендерде 94,9% (655,7 мың адам) құрады.
Облыста сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 54 ауылдық елді мекен (35,4 мың адам) және Тараз, Шу қалалары бойынша 10 тұрғын алқап қалып отыр (13,5 мың адам). 2024 жылы облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қаматмасыз ету үшін 43 жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен 21,7 млрд. теңге қаралды.
Оған 26 елді мекен мен қалалардағы 5 тұрғын алқапты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жыл соңына дейін сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен:
- қалаларда 98,8% (520,9 мың адам); - ауылдық елді мекендерде 96,9% (666,7 мың адам) жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 2024 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауына қосымша 17,8 млрд. теңгеге 26 жоба қаржыландыруға ұсынылды.
Қазіргі таңда Мойынқұм ауданында ауыз сумен қамту құрылысы қажет ететін (қалып отырған) 2 жоба бойынша жобал-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамаға тапсырылды. (Мойынқұм ауданы - ст. Қашқантеңіз, Қордай ауданы - Алға). Сараптаманың қорытындысын ағымдағы жылдың наурыз айына дейін алынған жағдайда, салалық министрлікке бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.