Жаңалықтар
Ақбұлым ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 27 ақпан, 2024
- 245

Ақбұлым ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Ақбұлым ауылдық округінде бір елді мекен Ақбұлым ауылы аула саны - 741, халық саны – 4065, Қазақтар – 2802 адам, орыстар -176, түріктер -781, өзге ұлт өкілдері - 306 адам.
Жалпы 22 көшенің 10 көшесі асфальтталған ұзындығы-13,5 шақырым. Аудан орталығына дейін 40 шақырым. 4 көшеге түнгі мезгілге жарық жүргізілген- 7 шақырым.
Әлеуметтік саласы бойынша округ аумағанда жалпы 10 нысан қызмет жасауда. Атап айтқанда әкімшілік ғимарат -1, білім саласында - 4, денсаулықта -1, ветеринариялық пункт-1, мал сою алаңы-1, биотермиялық шұңқыр-1, пошта байланыс-1.
Бүгінгі күні округ аумағында Ақбұлым ауылында Баймырза Бесбаев атындағы орта мектеп гимназия (624 орындық), «Балауса» мемлекеттік бөбекжай (116 орындық) жұмыс атқарады. 50 орындық «Зерде» жеке меншік бөбекжайы және 50 орындық «Шаңырақ7» жеке меншік бөбекжайы бар.
Жалпы округ бойынша білім ошағында 889 оқушы білім алса, мектепке дейінгі мекемелерде 216 бала тәрбиеленуде, балабақшаларға кезек жоқ.
Сонымен қатар денсаулық саласында 2018 жылы пайдалануға берілген 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториясы бар.
Ақбұлым ауылдық округінде 140 орындыққа арналған 1 мәдени ошақ құрылысы жүргізілуде. 2024 жылдың тамыз айыенда пайдалануға беріледі. Ақбұлым ауылындағы кітапханасында - 9606 кітап, оның ішінде - 4711 дана қазақ тіліндегі кітап қорымен жабдықталған, оқырман -900. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақбұлым ауылдық кітапханасы жаңынан цифрландырылған ақпараттық орталық ашылған болатын, 2023 жылы 214 келушіге 360 анықтама берілді.
Жеке секторда қызмет көрсету нысандары: Азық-түлік дүкені – 9, Дәріхана 1, Монша-1.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында барлығы 8 спорт нысаны бар. Шағын футбол алаңы – 2, үлкен футбол алаңы-1, Стрит воркаут -1, балалар ойын алаңы -1. Спортпен шұғылданушылардың қамтылу пайызы – 30,1%. Спорт нысандарына кіру тегін арнайы кесте бекітіліп жастардың спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасалған.
Ақбұлым ауылдық округі бойынша барлық аула толық газбен қамтылған.
Елді мекенде барлығы 193 шаруа қожалығы тіркелген.
Округ аумағында жалпы жайылымдық жер 1272 гектар, қосымша 94 га жайылымдық жер босалқы жер қорынан әкімшілік жеріне бекітілді. Ақбұлым ауылдық округі аумағының жалпы жер көлемі 2600 гектар, оның ішінде егістік – 797,69 га (суармалы егістік – 516 га), жалпы жайылымдық жер 1272 гектар. Округ тұрғындарының және шаруа қожалықтарының жеке меншігіндегі мал басы түгелдей есепке алынып, жылдың басына мүйізді ірі қара – 995 бас, қой мен ешкі- 3000 бас, жылқы-180 басты құрады.
2023 жылдың қорытындысымен тұрақты жұмысқа-101, әлеуметтік жұмысқа-6, жастар практикасы -9, ақылы қоғамдық жұмыс-43, күміс жас-3, алғашқы жұмыс орын-7, электрондық еңбек биржасы бойынша оқыту-11, бастау бизнес жобасы-33, Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант -4.
Отбасылық цифрлық карта бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп- 58 отбасының тұрмыстық жағдайы зерделеніп, 2023 жылы 35 (17 567 000т) отбасына болса, ағымдағы жылдың басынан 26 (1 667 800 т.) отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2 бейнебақылау камерасы орнатылған.
Келесі мақала