
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Жамбыл облысы бойынша департамент қызметінің басты бағыттарының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау.
Бұл бағытта 2023 жылы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан 5 тұлғаға 6 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Сондай-ақ, сот шешімі бойынша, тарифтік сметаны орындамағаны үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ-на қатысты 2022 жылы қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің негізінде қаулы шығарылып, аталған субъектіге 4 900 800 теңге көлемінде айыппұл салынды.
2023 жылы табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 1 нұсқама енгізілді.
Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Қалдыбай Мүслім мәлімдеді.
Келесі мақала
ӨҢІРДЕ 1013 ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА САЙТЫ БҰҒАТТАЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жеңістің 80 жылдығы: Парадқа 4 мыңға жуық әскери қызметкер қатысады
- авторZhambylokq
- 10 сәуір, 2025