Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Сәулет және қала құрылысы саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы

Сәулет және қала құрылысы саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы
ашық дерек
Жамбыл облысы бойынша 371 қала мен елді мекеннің (оның ішінде 4 қала және 367 елді мекен) қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілген.

           Елді мекендердің қала құрылысы жобаларына қажеттілігіне қарай түзету енгізу жұмыстарын жүргізу үшін, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетімен  келісу арқылы 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, 2023 жылға жалпы  31 елді мекеннің бас жоспар жобаларына түзетулер енгізіді.

        Оның бірі, Тараз қаласының 2010 жылы бекітілген бас жоспар жобасына түзету енгізу жұмыстары аяқталып, ҚР Үкіметінің 2024 жылғы   29 қаңтардағы №44 қаулысымен бекітілді.

        Аудандар бөлінісі бойынша:

        Байзақ ауданы – Сарыкемер ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы; Т.Рысқұлов ауданы - Өрнек, Жақсылық, Қазақ, Тасшолақ, Жалпақсаз, Қарақыстақ елді мекендері; Меркі ауданы - Мыханды, Тұрлыбай батыр, Сыпатай, Мыңқазан, Қазах Дихан, Ойтал; Жамбыл ауданы – Тастөбе, Құмтиын, Қоңыртөбе, Жаңаөткел, Бәйтерек, Шоқай, Ащыбұлақ, Ерназар елді мекендері; Қордай ауданы – Масаншы, Бәйтерек, Шарбақты елді мекендері; Сарысу ауданы – Жаңатас қаласының бас жоспар жобасы, және (Бүркітті және 5 «А» тұрғын алқаптарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары); Мойынқұм ауданы – Хантау, Құмөзек, Қарабөгет елді мекендері;  Талас ауданы – Көшек батыр ауылдарының бас жоспар мен оңайландырылған сызбаларына жобалау жұмыстары аяқталып, басқарманың «Техникалық Кеңес» мәжілісінде қаралып, аудан әкімідігі тарапынан бекітілді.

        Сонымен қатар, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тапсырмасымен, облыс көлемінде өзгерістер мен түзетулерді қажет ететін елді мекендердің қала құрылысы жобаларына қатысты, Жол картасына сәйкес, 2024 жылға жоспарланған Тараз қаласы бойынша тұрғын алқаптар мен көшелердің  егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және  Жуалы, Меркі, Қордай, Сарысу, Т. Рысқұлов, Талас аудандарына тиесілі жалпы 48 елді мекеннің қала құрылысы жобаларына өзгерістер мен түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

II. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша

        «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру бойынша  2023 жылы қала құрылысы кадастрының сандық жоспарлы негізін құру үшін, елді мекендерінің құрылыс салынған аумағының инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелеріне толықтай (жер асты және жер үсті коммуникациларына) геодезиялық-топографиялық жұмыстарын жүргізу,   Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына (Облыс әкімінің №14.12.2022 ж № 270 қаулысы және облыстық мәслихаттың  №23-19 шешімімен)  индикатор болып енгізілді.   

         «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс»  ұлттық   жобасына  сәйкес   2023  жылдың жоспары  6011,95 га құрайды. Ол,   Байзақ - (Қызылжұлдыз, Түймекент 605,25 га /28,0 млн.тг), Жамбыл  - (Гродекова, Шайқорық 855,3 га /39,0 млн.тг), Қордай - (Отар, Масаншы, Сортобе 2003 га /68,0 млн.тг), Меркі - (Ойтал, Интернациональный, Андас батыр 1172,3 га/54,0  млн.тг), Т.Рысқұлов (Құлан 224,80 га / 11,0 млн.тг), Сарысу (Саудакент-590 га/ 27,0 млн.тг), Шу аудандарына  (Д.Қонаев 561 га/26,0 млн.тг) тиесілі.

        Тараз қаласы (3327га)  және аудан әкімдіктері түгендеу жұмыстарын толық   аяқтады. Индикатор толық орындалды. 

       

III. Басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

                                   

       Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік кызметтерін көрсетілуін үйлестіреді. 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді алуға 13 өтініш тіркелген. Оның ішінде: берілгені – 11, бас тартылғаны – 2.

        «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру-10 «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру»-1

        2024 ж бүгінгі күнге дейін «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» 5  өтінш тіркелді. 3 өтінішке шешім берілді (Жамбыл ауданы Бәйтерек ауылы,Т.Рысқұлов ауданы-Луговой ауылы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы), 2 өтініш бас тартылды (Тараз қаласы Химиктер алқабы, Ж.Қуанышбаев көшесі).

 

IV.«Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет порталын құру туралы Ақпарат

       ҚР Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 32-ші қадамы «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет порталын құру туралы тапсырма берілген болатын.

        Осыған орай, «100 – нақты қадамы» «Ұлттық жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсу» бағытында» Жамбыл облысында 2016 жылы жүзеге асыру мақсатында, 371 елді мекеннің электрондық карта әзірлену жұмыстары жүргізілді (Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданы).                   Облыс елді мекендерінің «қылмыстық құқық бұзушылық картасына» өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қала мен аудан әкімдеріне тапсырма берілді  (ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 06.10.2023 жылғы №2-20207-23-04769 хатының негізінде).

        Бүгінгі күнге, Байзақ, Жамбыл, Меркі, Сарысу «қылмыстық құқық бұзушылық картасына» өзгерістер мен толықтырулар енгізіп аяқтауда, ал қалған Тараз қаласы мен аудан әкімдері тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізуде.

 

V. Елді мекендердің бас жоспарларын цифрландырып, еопорталға енгізу бойынша

         Облыстың «Өңірлік геоақпараттық жүйесін» Геопорталды толықтыру және қажетті деректерді енгізу жұмыстары бойынша, 2023 жылы облыс елді мекендерінің бас жоспарларын Геопорталға енгізу және Шу қаласы мен 10 аудан орталығына аэрофототүсірілім жүргізу жұмыстары жоспарланып, ерекше тәртіпті пайдалана отырып жүргізілген конкурс негізінде «КАЗГИСА» ЖШС мердігер болып анықталып, келісім-шарт жасалды.

           Келісім-шартқа сәйкес, облыс бойынша 371 елді мекеннің ішінен қалған 359 елді мекеннің (12 елді мекеннің бас жоспары 2020 жылы цифрландырылды) бас жоспарлары мен бас жоспардың оңайлатылған сызбасы цифрландыру жұмыстары  аяқталып, облыстың Геопорталына енгізілді.

      Шу қаласы мен 10 аудан орталығына аэрофототүсірілім жүргізу бойынша, Жаңатас, Қаратау және Шу (Төле би ауылы) қалалары мен Б.Момышұлы, Қордай, Мойынқұм, Меркі, Құлан, Аса, Сарыкемер ауылдарына 1:500 масштабтағы аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілді.

     Жүргізілген аэрофототүсірілім жұмыстарына заңнама талаптарына сәйкес ҚР Қорғаныс министрлігінен камералдық қараудан өтіп, келісім алынды.

         Цифрландыру және аэрофототүсірілім жұмыстары бойынша барлық деректер облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасына өткізіліп, облыстың Геопорталына енгізілді.

           2024 жылға 2023 жылдың 5 қазанында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің Вице-министрі Ә.Н.Тұрысовтың төрағалығымен өткен кеңестің №356-ХТ хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, халқының саны 5000 асатын елді мекендерге, (атап айтқанда: Тараз қаласы,  Қордай ауданы - Отар ауылы, Сарысу ауданы - Саудакент ауылы, Шу ауданы - Бірлік, Қонаев ауылдарына) 1:500 масштабтағы аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

          

VI.Облыс бойынша қызыл сызық нормасын бұзып құрылысы жүргізілген нысандар туралы

        Тараз қаласы мен аудандардың бекітілген бас жоспар жобаларына сәйкес, 2023ж анықталған «қызыл сызық» нормаларын бұзып құрылысы жүргізілген насындарға басқарма тарапынан жыл сайын мониторинг жұмыстарын жүргізіліп отырады. Бүгінгі күнде, облыс бойынша 93 нысан (Тараз – 52; Байзақ – 6; Жамбыл – 2; Жуалы – 8; Қордай – 3; Меркі – 4; Сарысу – 5;     Т. Рысқұлов – 7; Талас – 2; Шу - 4) анықталды.

         Бүгінгі күнге, 93 нысанның ішінен (Тараз қаласы - 11 нысан ; Байзақ - 6 нысан; Жамбыл - 2 нысан; Жуалы - 5 нысан; Қордай – 3 нысан; Меркі - 3 нысан; Сарысу - 5 нысан; Т. Рысқұлов – 5; Талас - 1 нысан және Шу - 3 нысан) аудандары тарапынан 44 нысанға шара қолданылған.

        38 сауда дүңгіршектерінің құжаттары рәсімделген.           

        Қалған, 11 нысанды мамыр айында толық аяқтау көзделуде.

       

VII.Үлестік құрылыстар туралы

                                                                                                                                               

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылдың 30 мамырдағы №97 қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» №486-V ҚРЗ Заңының 6 бабына сәйкес, толықтырулар енгізілді.

        Бүгінгі күнде, Жамбыл облысы бойынша жеке қаржыландыру есебінен 21 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

        Үлескерлердің ақшасын тарту мақсатында, «Hamilton park» ЖШС-і мен «BAITEREK GROUP» ЖШС-і тарапынан, Басқармаға өтініш түсіп,  екі рұқсат құжаты берілді.

        Бүгінде, үлестік қатысуы бар екі құрылыс нысаны яғни, «Hamilton park» және «Бәйтерек» тұрғын үй кешендері бойынша, проблемалық мәселелер жоқ.

        Қалған, тұрғын үй кешендері бойынша үлескердің ақшасын тартуға рұқсат құжатын алу үшін, өтініш түскен жоқ.

        Жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен құрылыс нысанын салу барысында, «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»  мемлекеттік қызметін алмай, әлеуметтік сайттарда көппәтерлі тұрғын үйлерді сату бойынша жарнамалау жұмыстарын жүргізген жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 320 бабына сәйкес, сот органының шешімімен айыппұл салуға алып келеді.

        Осыған орай, келесі компанияларға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 320 бабына сәйкес, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы №20/1 «Tulip Residence»  тұрғын  үй кешені  бойынша  «AYNA Group» ЖШС-не (1 035 000 тг), Тараз қаласы,   С.Нұрмағанбетов көшесі №18 «Болашақ» тұрғын үй кешені бойынша  «Saulet Alem»  ЖШС-не  (1 035 000 тг), Тараз қаласы, Қапал көшесі №62/1  «Hamilton park»  тұрғын үй кешені бойынша «Hamilton park» ЖШС-не (724 500 тг) жалпы сомасы  2 794 000 тг айыппұл салынды.

        Қалған көпқабатты тұрғын үйлер бойынша, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары бұзылмаған.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар