Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау
ашық дерек
Елді мекендегі жер телімінің кадастрлық құнын анықтау цифрландырудан кейін 16 минутты алады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет».

Кадастрлық құнды анықтау - жер учаскесiн немесе оның жалдау құқығын сату кезiнде қажеттi талап етiлетiн қызмет.

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін енгізгеннен кейін және онымен байланысты цифрлық Жария кадастрлық картаны іске қосқаннан кейін жылжымайтын мүлікке байланысты бірқатар қызметтер онлайн режиміне көшті және нәтижені күту уақыты бірнеше күннен бірнеше минутқа дейін қысқарды.

Елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша елді мекеннің белгіленген шекаралары және бағалау аймақтары болған кезде жүйе деректерді тексеріп, 16 минут ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастырады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтауға өтінішті ХҚО  немесе eGov.kz порталы арқылы беруге болады.

Алайда, егер ақпараттық жүйеге учаске туралы деректер енгізілмесе, оның кадастрлық құнын есептеу мерзімі үш жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Бағалау актісін алу үшін өтініш, жеке куәліктің көшірмесін, жер учаскесін таңдау актісінің және (немесе) орналастыру схемасының көшірмесін, ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясын (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін) және қызмет төлемі туралы түбіртекті ұсыну қажет.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар