Тұрғын үй құрылыс жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар
- author Zhambylokq
- 12 маусым, 2024
- 140
2023 жылы жалпы 1964 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді (аренда – 5 / 258, кредиттік - 14 / 842, сатып алу - 864).
Бүгінгі күнге облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне (01.04.2024 жыл жағдайына) 37 639 азамат тіркелген. Оның ішінде көп балалы отбасылар – 9 098, әлеуметтік осал топтағылар - 15 614, жетім-балалар – 2 980, бюджет қызметкерлері –9 944, авариялық – 3.
2024 жылы тұрғын үй кезегіндегі халықтың әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 12,3 млрд. теңгеге (о.і. 11,1 млрд. құнды қағаз есебінен, 1,2 млрд.тг. облыстық бюджет есебінен) 2 909 пәтерлі 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізілуде.
Жыл қорытындысымен 2 749 пәтерге арналған 54 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда: 15 мкр - 33 үй, Асқаров ш.а. - 16., аудандарда – 5 үй.
Ендігі кезекте, Тараз қаласы «Әулие Ата» 14 жаңа шағын ауданында (автобекет маңындағы) 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің құрылысынан а.ж. бастау үшін 5,2 млрд.тг қолдау тапуып, құрылысы басталады.
Келесі жаңа бағыт - Сатып алу
Республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,7 млрд. теңгеге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілетін 354 пәтер сатып алынады (құрылыс құнының ірілендірілген көрсеткішінің - 70%. 315 816 тг. РБ-221 071 тг. ОБ-94 745 тг.).
Бұдан бөлек «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен жекешелендіру құқығымен жалға берілетін 1 221 пәтер сатып алуға 18 509,4 млн.тг. қаражат қаралды. («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаражаты құрылыс құнының ірілендірілген көрсеткішінің - 80%. 315 816 тг.
РБ-252 653 тг. ОБ-63 163 тг. ).
Жалпы биыл сатып алу тетігі арқылы 1575,0 осал топтағы азаматтар арендалық тұрғын үймен қамтылады. Былтырғы жылмен салыстырғанда пәтер 2 есеге (2023 – 864 пәтер), ал қаражат көлемі 3 есеге (2023 – 7,8 млрд., 2024 – 23,2 млрд), артты.
Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым
2024 жылы бюджет қаражаты есебінен 70 инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысына 8,3 млрд.тг. қаражат қаралды. Оның ішінде:
9 алқапта 3,3 млрд. теңгеге 13 инфрақұрылым жобаның құрылысы жүргізіліп, жыл қортындысымен Асқаров көшесінің соңындағы алқапта 351 жер телімі таратылуға дайын болады.
2015 жылдан бастап ИКИ-ға барлығы 81 жаңа алқапқа 50 ,0 37,2 млрд. бюджеттік инвестициялар салынды, оның ішінде электр желілері - 18,1 млрд., сумен жабдықтау - 6,7 млрд., жолдар - 5,3 млрд., кәріз желілері - 2,4 млрд., кәріз желілері - 804,4 млн., газдандыру - 3,7 млрд. Нәтижесінде халыққа жеке құрылыс салуға 8775 жер учаскесі берілді (81 алқапқа 6732 га:2015 – 344 жер учаске, 2016 - 2577, 2017 - 328, 2018 - 2764, 2019 - 1346, 2020 -1416).