Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін кеңінен пайдалану арқылы, өнім берушіні таңдаудың бағалық емес өлшемшарттарын дамыту көзделген.
«Қатысушылардың біліктілігін арттыру үшін, сатып алуды тиісті беделі бар өнім берушілер арасында жүзеге асыру жоспарлануда. Өнім беруші туралы ақпарат, әртүрлі дерек базаларын пайдалана отырып, қалыптастырылады. Бұл сатып алудың барлық түрлері бойынша, баға мен сапа өлшемшарттарын үйлестіре отырып, өнім берушілерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді», – деді спикер.
Құжатқа құрылысқа байланысты жұмыстар бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу туралы өзгеріс енгізілді. Тапсырыс беруші тарапынан, шарттың тиісінше орындалуын бақылау, құрылыс сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осы ретте, жұмыстарды орындау кестелері, шарттардың орындалуы бойынша есептер жалпы қолжетімді етіп жарияланып, шарттарды орындау мониторингіне қоғамдық кеңестер тартылатын болады.
Сатып алу рәсімдерін жеңілдетіп, бюрократиядан арылу үшін шағымдарды қараудың жаңа тетігі енгізіліп, бақылаушы органның рөлі қайта қаралды.
«Тапсырыс берушілердің жоғары талап белгілеу фактілерін болдырмау мақсатында, қолданыстағы камералдық бақылау сақталады. Алайда, уәкілетті орган тарапынан сатып алу қорытындыларының күшін жою құқығы алып тасталып, қорытындыларды қайта қарау жөніндегі функция сатып алуды ұйымдастырушыға берілді. Сатып алу қорытындыларын қайта қараудың осындай тәсілі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес келеді», – деді ведомство өкілі.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалардың бірі рәсімдердің ұзаққа созылуы болып табылады. Қолданыстағы Заңда мерзімдерді регламенттейтін тікелей нормалардың болуы, оларды Қағидалар деңгейінде көздеуге мүмкіндік бермейді. Бүгінгі таңда конкурсты өткізу мерзімі шамамен екі айды құрайды. Осыған орай, Заңды жүзеге асыру шеңберінде рәсімдердің мерзімі қайта қаралып, конкурсты өткізу мерзімі қысқартылады.
Бұдан бөлек, Заңмен 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу көзделген. Сонымен қатар, ауылдық әкімшіліктер үшін 4000 айлық есептік көрсеткішке дейін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден алу мүмкіндігі беріліп отыр. Конкурсқа (аукционға) қатысуға біліктілік талаптарына сай келетін бір өтінім ұсынылса, конкурс (аукцион) өткізілді деп танылады.
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024