Талас аудандық ветеринария бөлімінің 6 айда атқарған жұмыстары
- author Zhambylokq
- 1 тамыз, 2024
- 107
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2024 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарына сәйкес орындалуда.
Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 2024 жоспар бойынша 16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері жоспар бойынша (вакцинация) жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.
Сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында, 320050 бастан қан сынамалары алынды атап айтқанда(МІҚ – 26000, МҰМ – 290600, Жылқы – 1200, Ет қоректілер – 500. Тұйе -1750) ауыл шаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілді.
Нәтижесінде МҰМ 2 бас малдардан оң нәтиже анықталып, ауру жануарлар «ИП Рамазан» мал сою пунктіне өткізіліп, қайта өңдеуге жіберілді.
Зертхана қорытындысымен оң нәтиже берген жануарлар Ережеге сәйкес 15 күннен аспайтын мерзім ішінде жақ немесе сауыр аймағында "Б" әріпін таңбалау әдістерімен белгілеп, уәкілетті орган қатысуымен құрылған комиссиямен оқшауланып және санитариялық союға жіберіліп, әрі қарай қайта өңдеу цехтеріне өткізіледі.
Талас ауданында бірдейлендіру жұмыстары бойынша 148002 (МІҚ 10497, МҰМ 136230, Жылқы 880, Түйе 395) бас ауыл шаруашылық жануарлары бірдейлендірілді.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» заңы аясында, ит аулау жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда «Жамбыл 109» диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімшіліктерінен келіп түскен өтініштерге сәйкес, 2024 жылы 312 бас жабайы қаңғыбас ит-мысықтар ауланды.
Талас ауданы аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша күтіп - ұстауға арналған питомник әзірге жоқ, бірақ 2024 жылы Қаратау қаласынан питомник салынып жатыр бітуге жақын .
Кәсіпорынның теңгерімінде:
- 14 дана «НИВА» автокөлігі,
- 1 дана СангЕнг автокөлігі,
- 3 дана «УАЗ»,
- 3 дана Дук автакөлігі
21 дана автокөлік бар.
Ауылдық округтерде жалпы 110(30 жоғары білімді , 80 орта білімді) ветеринариялық маман жұмыс атқарады.
Ветеринариялық бекеттермен қамтылуы бойынша:
Қазіргі таңда 14 ауылдық округтің 5-і ветеринариялық бекеті мал егу, емдеу орынымен қамтылып, 4-і әкімшілік ғимаратында орналасқан.
Ауданда мал өлекселерін тастайтын КМК-ның теңгерімінде 6 -биотермиялық «Беккери» шұңқыры бар.
Талас ауданы аумағында 5 елді мекенде 7 сібір жарасы ошақтарының көмінділері орналасқан.
Сібір жарасы көмінділері ветеринариялық талаптарға сәйкес қоршалған, бетондалған, тақтайшаларда аурудың тіркелген жылы, айы жазылған. Тұрақты дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Кәсіпорын теңгерімінде 3- мал сою алаңы бар:
1) Қаратау қаласында орналасқан,
2) Ойық ауылында орналасқан.
3-Бостандықауылдықокругіндеорналасқан Кәсіпорында 2-инсиниратор бар:
-2 стационарлық
Қазіргі таңда толығымен жұмыс жасап тұр
Қолдан ұрықтандыру
Талас ауданында «Ауыл аманаты» жобасына енген Ұшарал және Ойық ауылдық округтерінің ірі қара малдарын асылдандыру мақсатында, 2023 жылы Үшарал ауылдық округінде -108, Ойық ауылдық округінде 115-бас ірі қара малын қолдан ұрықтандырылды.
Ағымдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар 14 ветеринариялық пункттердің ветеринар мамандарымен өз деңгейінде атқарылуда. Талас уданында эпизоотиялық жағдайы тұрақты.Атқарылған ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпараттар кәсіпорын тарапынан Facebook және Instagram желілеріне салынып отырады.Адамдар мен жануарларға ортақ аса қауіпті аурулардың( бруцеллез, сібір жарасы, туберкуллез, аусыл, паразитарлық аурулар) алдын алу мақсатында аудан тұрғындары мен шару қожалық иелеріне кәсәпорын қызметкерлері тарапынан жадынамалар таратылып тұрады.