Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Денсаулық сақтау басқармасының жарты жылдық есебі

Денсаулық сақтау басқармасының жарты жылдық есебі
ашық дерек
2024 жылға денсаулық сақтау басқармасына жергілікті бюджет есебінен 14,2 млрд.теңге қарастырылды. МӘМС шеңберіндегі бюджет көлемі 131,8 млрд. теңге қарастырылған (соның ішінде ТМККК шеңберінде 72,0 млрд. теңге және МӘМС жүйесінде 59,7 млрд. теңге). 2024 жылдың 1 шілдесіне 4 255,9 млн.теңге (99,8%) игерілді.

2024 жылғы 1 маусымға облыс халқының саны 1223,5 мың адамды құрады (о.і: қала – 533,2 мың адам (43,6%), ауыл тұрғындары – 690,3 мың адам (56,4%)).

Бекітілген халық тіркеліміне сәйкес 1 174 946 адамға (о.і: Тараз қаласы бойынша – 473 369, ауыл халқы – 701 577),  392 денсаулық сақтау нысаны халыққа медициналық қызмет көрсетеді  (о.і: ауруханалық ұйымдар - 26,  емханалық ұйымдар - 25, ДА – 122,  МП – 142, ФАП - 53, ғимаратсыз нысандар-15, Жедел жәрдем стансасы-1, басқалар-5).

341 БМСК және 38 ауруханалық нысанда 15 715 медициналық қызметкер (о.і: 3 520 дәрігер, 12 195 орта буын қызметкерлері) қызмет атқаруда.

 Ағымдағы жылы 3,9 млрд. теңгеге 26 нысанның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде 20 медициналық-санитарлық нысан (4-ДА, 10-ФАП, 6-МП) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасымен жүргізілуде.              

Сондай-ақ, өңірлерді дамыту бағдарламасымен                           136,4 млн. теңгеге Жамбыл ауданы, Қоңыртөбе ауылында                       5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысы салынуда.

Облыс бойынша медициналық  құрал-жабдықтармен жарақтандыру деңгейі - 91,94% (меже-92,4) құраған.

Жыл қорытындысымен межеге қол жеткізіледі деп күтілуде.

 

Ауылдың шалғай  елді мекендерде орналасқан халықты қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында  10 жылжымалы медициналық кешен (2 – КАМАЗ, 8 – автобустық мамандандырылған көліктер)  2024 жылы барлығы 274 елді мекендегі 131 753 адамды медициналық тексерумен қамту жоспарланса, 6 ай қорытындысымен 50,8% қамтылып, 64 791 адам қаралды (о.і.:11 082 бала).

Жалпы 23 625 диагностикалық зерттеулер, 2 930 зертханалық тексеру, 71 592 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді.

Тексеру барысында 2 475 науқас анықталып, оның ішінде 617 науқас МСАК ұйымына есепке алынды (о.і.: 91 бала).

Сонымен қатар жоспарға сәйкес скринингтік тексерулер жүргізілуде.

2024 жылдың 6 ай қорытындысымен жүрек-қан тамыр аурулары бойынша – 88 066, 66 031 (75,0%) адам тексеруден өткізілді. 5 128 (7,7%)  ауру анықталып, 100,0% диспансерлік есепке алынды.

Қант диабетінен 88 066 адам жоспарланса, 66 031 (75,0%)  тексеруден өткізілді. 842 (1,28%)  ауру анықталып,100% науқас диспансерлік есепке алынды.

Глаукома бойынша – 88 066 адам жоспарланды, 66 031 (75,0%) тұлға тексеруден өткізілді. 143 (0,22%)  ауру анықталып, 100% науқас диспансерлік есепке алынды.

2024 жылы сүт безі обырын ерте анықтауға 50 845 әйел жоспарланған, 6 ай қорытындысымен 34 331 әйел (68,7%) маммографиядан өтті.

2024 жылы жатыр мойны обырын ерте анықтауға 47 541 әйел жоспарланды, 6 айымен 33 888 әйел (71,3%) цитологиялық зерттеуден өтті.

Денсаулық саласының негізгі көрсеткіштеріне тоқталса, туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы (жас мөлшері) 2023 жылдың қорытындысымен 75,25 жасты (2021ж.-69,15) құрап, 6,1 жылға өсті.

2024 жылдың 6 ай қорытындысымен туу көрсеткіші – 20,14 (2023 ж. –20,94), табиғи өсім 1000 тұрғынға шаққанда 14,04 (2023 ж. – 15,22) құрады.

Облыста әйелдер саны - 590 948 (50,5%), оның ішінде туу жасындағы (фертильді жас) әйел саны - 259 376 (44%).

Әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша:

Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 4,5%-ға төмендеген 50,6-ті құрады (2023 ж. – 53,0).

Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 5,2%-ға төмендеген, 18,0-ні құрады (2023 ж. – 19,0).

Қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық көрсеткіші 0,6%-ға өсіп, 66,6-ны құрады (2023 ж – 66,2).

Жамбыл облысы амбулаториялық деңгейде 402 515 рецептісі бойынша 101 617 науқастар қажетті  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

686,5 млн теңге сомасына 83 науқас (оның ішінде 36 бала) Жергілікті бюджет есебінен қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорынан Жамбыл облысының 5 орфандық диагнозы бар науқастар (оның ішінде 4 бала)  266,8 млн теңге сомасына қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

«Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының  қамқоршылық кеңесінің 2023 жылғы 26 маусымдағы бекітілген шешімі бойынша, Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында  9 атауы бар дәрілік заттарға 4 жақты Келісім шарт жасалды.

Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалайтынын және қадағалайтынын ескере отырып басқарма басшысының 25.01.2024 ж. №38-ө бұйрығымен медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды қадағалауды автоматтандыруды енгізу тапсырылды.

Жамбыл облысы бойынша дәрілік заттарды таңбалауға 63 медициналық ұйым қатысады. Оның ішінде 32 басқармаға қарасты медициналық ұйым, 15 жеке емханалық медициналық ұйым және 16 жеке стационарлық медициналық ұйым. Барлығы 100% «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Барлығы 2D сканермен қамтылған.

63 медициналық ұйым ИСМЕТ жүйесі мен ЦЭДМ платформасына тіркеуден өтті (100%).

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар