Білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы
- author Zhambylokq
- 23 тамыз, 2024
- 79
Білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы тақырыбында өткен баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Брифинг барысында жалпы облыстағы білім мекемелерінің жай-күйі, жаңа оқу жылына дайындығы, өткен оқу жылындағы білім сапасы мен оқушылардың жетісітігі, жоғары жылдамдықтағы интернет қолжетімділігі, білім мекемелерінің дайындығы бойынша мониторинг қорытындысы туралы айтылды.
Бүгінде облыста 11 білім бөлімі, 1239 мекеме жұмыс істейді. Оның 587-і мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, 507-і орта білім беру ұйымдары, 42-і колледж, 76 қосымша білім беру ұйымдары, 25 ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мекемелер болса, сондай-ақ Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы мен Жасөспірімдер үйі бар. Жалпы 337 мыңнан аса бала мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік біліммен қамтылып, 40 мыңға жуық педагог қызмет етуде.
Облысымызда білім беру саласына 2023 жылы 280 млрд. теңге бөлінсе, 2024 жылы 319,2 млрд. теңге бөлініп отыр, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14%-ға өсті.
2024-2025 жылдары 41 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылды (26 мектеп (оның ішінде 12 Жайлы мектеп), 15 мектепке жапсарлас құрылыс).
Биыл 19 білім нысанының құрылысы аяқталады деп күтілуде (15 мектеп (оның ішінде 7 Жайлы мектеп), 4 мектепке жапсарлас құрылыс).
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы басталған 7 мектептің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталып, 5-нің құрылысы ағымдағы жылы басталды.