Слайд 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларында өсім диамикасы байқалады.
Жыл басынан қысқамерзімді экономикалық өсім 103,3% деңгейінде қалыстасып (РК – 104,1%),
- құрылыс жұмыстарының көлемі 16,5%-ға,
- көлік - 10,6%-ға,
- байланыс - 8,5%-ға,
- ауыл шаруашылығы - 4%-ға,
- тұрғын үй - на 1,9%-ға,
- сауда - 0,3%-ға артты.
Жыл басынан 247,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға артты.
Слайд 2. ӨНЕРКӘСІП
Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі – өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту.
Ағымдағы жылдың 7 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 494,9 млрд теңгені немесе 96,7 пайызды құрады.
Өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі себептері әлемдік нарықтағы бағаның 1145 доллардан 490 долларға дейін төмендеуіне байланысты минералды тыңайтқыштар өндірісінің қысқаруы, басқа елдерден арзанырақ өнімдерді әкелу есебінен қант өндірісінің төмендеуі болып табылады.
Жыл соңына дейін алдымызда өндіріс көлемін арттыру міндеті тұр.
Біз бұл өсімді KORCEM цемент өндіру зауыты, Karatau Chemicals пиросульфит өндіру зауыты және Шатыркөл байыту фабрикасы сияқты ірі өндіріс орындарын іске қосу арқылы жоспарлап отырмыз.
Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС-мен бірлесіп, өндірісті жаңғырту және өнім түрлерін кеңейту үшін инвесторлар іздеу жұмыстары аяқталуда.
Облыстағы 856 өнеркәсіптік кәсіпорында (14 ірі, 25 орта, 817 шағын) 44,3 мыңға жуық облыс тұрғыны еңбек етуде.
Слайд 3. ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 702 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда (бүгінде 247,3 млрд теңге, өсім 1,3%).
Қазіргі таңда 1432 жұмыс орнын құрумен 228,5 млрд теңгеге 19 жоба жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері біз жалпы құны 139 млрд теңгені құрайтын 12 жобаны енгіздік, бұл облыста 405 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Өңірде жаңа өңдеу зауыты, ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсететін сервистік орталық, құм қиыршық тас шығаратын завод, сүт өнімдерін өңдейтін цех іске қосылып, «Жайсаң» мыс кен орнын игеру жұмыстары басталды.
Анықтама: 1) «БНК Лизинг» ЖШС – ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету бойынша сервистік орталық; 2) «Мол Даму» ЖШС – Сүт өнімдерін өңдеу цехы; 3) «Kaz Ir Agro» ЖШС – мақсары майын өндіру; 4) «KazAquaAlliance» ЖШС – Сазан өндірісі; 5) «MRP ASA/Otan Power» ЖШС – Күн электр станциясының құрылысы; 6) ТОО «Merke Industry» ЖШС – «Zeta» жиһаз цехы; 7) «ZHANASHYR PROJECT» ЖШС – Жайсан кен орнын өнеркәсіптік игеру; 8) «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС – Шатыркөл-Жайсан кластерінде жаңа байыту зауытының құрылысы; 9) «TSED Group» ЖШС – құм қиыршық тас шығаратын зауыт құрылысы; 10) «Асылов Абай Ноғайұлы» жеке кәсіпкер – «Таскөл» демалыс кешені; 11) АЖ "Мухиев Е." - демалыс кешені; 12) «KOKSAI RESORT» ЖШС – «Көксай» туристік базасын құру.
Облыстың инвестициялық қоржыны жалпы құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 70 жобаны құрайды, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,8 трлн теңгені құрайтын 13 жоба бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру қосымша 6,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Өңірге инвестиция тарту бойынша жұмысымыз аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін өндіріс орындарының жетіспеушілігі мәселесіне тап болдық.
Қалыптасқан жағдайды шешу үшін біз инвесторларға аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын заманауи өндіріс орындарын салуды ұйғардық. Жобаға қаржы Индустриялық даму қорынан алынды (жалдау төлемдері арқылы қайтару механизмі).
«Тараз» ӘКК» АҚ ағымдағы жылдың тамыз айында «Тараз» ИА және «Жібек жолы» АЭА аумағында жалпы құны 4,6 млрд теңгеге 3 жобаны қаржыландырды, оларды іске қосу 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басына жоспарланған (Жобалардың жалпы құны - 6,7 млрд теңге, мұнда қарыз алушылардың өз қаражаты 1,1 млрд теңге).
Салынып жатқан үй-жайлардың 30%-ы, бұл шамамен 15 мың ш.м. инвесторлар тапсырыс беріп қойған.
Слайд 4. ZHAMBYL INVEST
Ағымдағы жылдың мамыр айында өңірге инвестиция тарту мақсатында «Тараз» ӘКК» АҚ базасында «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылды. Дирекция отандық және шетелдік инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша көмек көрсетеді. Олар – рұқсат құжаттарды алу, инвесторларға виза беру, инвестициялық келісімшарттар жасау және инвестициялық преференциялар алу, сондай-ақ инженерлік желілерді орнатуға көмек көрсету.
Бүгінгі таңда дирекция түрлі салаларда әзірленіп жатқан 30-ға жуық инвестициялық жобаға қолдау көрсетуде, оның 9-ын біз жақын арада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жобаларды іске асыру айтарлықтай мультипликативті нәтиже береді және тұтастай алғанда өңірдің инвестициялық тартымдылығын дамытуға оң әсер етеді.
Анықтама үшін: 1) «KazKaspiHydroSelkhozTechnology» ЖШС (ҚХР) – тамшылатып суару жүйелерін өндіру, құны 6 млн АҚШ доллары, қуаттылығы 12 мың гектарға дейін; 2) Fujian Hengwan Investment Co., Ltd. (ҚХР) – Металлургиялық зауыттың құрылысы, құны 756 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы 3 млн. тоннаға дейін. жылына; 3) ALFA (ҚХР) - шыңдалған шыны өндірісі, құны, 1,5 млн. АҚШ доллары, өнімділігі 50 000 ш.м./ай; 4) «КазИндустриал Строй» ЖШС (ҚХР) - бетон төсемдерін өндіру, құны 7 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы 240 000 ш.м/жыл; 5) Jiangsu Weike Transformer Co.,LTD (ҚХР) – құны 2 млрд теңге, қуаттылығы жылына 5000 дана трансформаторлар шығаратын зауыт құрылысы; 6) Shaanxi Wentou Supply chain Management Co,, Ltd (ҚХР) – тұрмыстық қағаз өндірісі, құны 6,7 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 100 мың тонна; 7) Jiangsu World Agricultural Machinery CO., LTD (ҚХР) – ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі, құны 2 млрд теңге, қуаттылығы жылына 1000; 8) «KAZ PRO TEMIR» ТДО (Өзбекстан) - ыстық мырыштау цехы (мырыштау), құны шамамен 20 млн. АҚШ доллары, өнімділігі жылына 200 мың тонна; 9) Henan Xingyuan Construction Material Co.Ltd (ATX Industry group LLP), (ҚХР) – екі және үш доңғалақты мопедтерді құрастыру, құны 1,5 млрд теңге, қуаттылығы 100 мың бірлік/жыл.
Слайд 5. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Мемлекет Басшысының жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту - аса маңызды міндет болып қала береді.
Жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешені саласына 6,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін кеңейту аясында 1612 басқа арналған тауарлы-сүт фермаларының құрылысы бойынша 3 жоба, сыйымдылығы 35 мың тонналық 6 көкөніс сақтау қоймасы, тамшылатып суару және тері мен жүнді өңдеу бойынша 2 жоба қаржыландырылды. Бұл жобаларды 2025 жылы енгізу жоспарлануда.
Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары ерекше бақылауда.
2027 жылға қарай құны 272 млрд. теңгені құрайтын 40 инвестициялық жобаны іске асырып, 1141 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Оның ішінде 2024 жылы 345 жұмыс орнын құрумен 25 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба.
Ағымдағы жылы жоспарланған 20 жобаның құны 9,7 млрд. теңгені құрайтын 9 жобасы іске қосылды.
Анықтама: Қазірдің өзінде енгізілгені: 4 млрд. теңгеге инкубатор құрылысы бойынша 1 жоба («Алел-Агро» АҚ), 3,2 млрд. теңгеге су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша 5 жоба («Smart Agro Қарқара» ЖШС, «Қызылша жер» ЖШС, «Тақтасын Агро» ШҚ, «Тастөбе» ШҚ, «Қызыл Дихан» ӨК), 53 жұмыс орнын құрумен, мақсары майы өндірісін кеңейту бойынша 1 жоба, «KazAqua Альянс» ЖШС-нің 1 балық шаруашылығы жобасы және «Эльнұр ӘділГрупп» ЖШС-нің қуаттылығы - 7 мың тонна, 15 жұмыс орны бар 1 астық сақтау қоймасы.
Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 21,4 млрд теңге субсидия бөлінді.
7 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсті, ірі қара мал санын 7,9%-ға, қой - 21,9%-ға, жылқы - 5,8%-ға, ет өнімдерін өндіру (тірі салмақта) - 2,2%-ға, сүт – 1,1%-ға өсуі қамтамасыз етілді.
Слайд 6 . «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ
«Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін көрсетті. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдауға және ауыл халқын кәсіпкерлікке тартуға бағытталған бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл халқының табыс көзіне айналды.
2023 жылы 25,5 млрд теңге бөлініп, 4076 жоба қаржыландырылды, бағдарламамен 51 ауылдық округ қамтылды. Оның ішінде 152,2 мың бас мал мен 65 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу қаржыландырылды.
2024 жылдың соңында біз республикалық бюджеттен 10,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді күтеміз, оларға кемінде 1200 жоба қаржыландырылады.
Биылдан бастап біз шағын орта бизнесті, мәселен құрылыс цехтарын, кондитерлік цехтарды, тігін цехтарын, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша шағын цехтарды дамытуды қаржыландыруға көңіл бөлеміз.
Несиелер жылдық 2,5 пайызбен, 7 жылға дейінгі мерзімге жеке кәсіпкерге 9,5 млн. теңгеге дейін, кооперативке 29,2 млн. теңгеге дейін беріледі.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айында ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 600 млн теңге бөлініп, 89 бірлік техника сатып алынды.
Слайд 7. СУАРМАЛЫ ЖЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
Мемлекет Басшысының облыста суармалы жер көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде суармалы алқаптарды ұлғайту бойынша ауқымды шаралар қолға алынды.
Бекітілген Жол картасы шеңберінде 2028 жылға дейін 124 мың га егіс алқабын қалпына келтіру жоспарлануда (оның ішінде ЕҚДБ – 53,9 мың га, ПУИД-2 – 15,2 мың га, ИДБ – 54,9 мың га) .
Халықаралық қаржы институттары (ЕҚДБ және ХҚДБ) арқылы 37,4 млрд теңге бөлінді (27,6 млрд теңге игерілді), 47,5 мың га суармалы алқаптар қалпына келтірілді (жоспар 69,1 мың га).
Биылғы жылы ИДБ-мен суармалы жерлерді ұлғайту және тасымалдау кезінде су ысыраптарын азайту жөніндегі келісімдер аясында 87 каналды қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын бастап жатырмыз.
Жергілікті бюджет есебінен 9, республикалық бюджет есебінен 3 су қоймасын салу жоспарлануда.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2028 жылға қарай суармалы алқаптарды толық сумен қамтамасыз ету, каналдарда тасымалдау кезінде су ысыраптарын азайту және ауыл шаруашылығы өнімін 2 есеге арттыру күтілуде.
Сондай-ақ, суды үнемдейтін технологияларға тоқталғым келеді, бүгінде іске қосу сатысында 2 жоба бар: каналдар үшін бетон жабындарын өндіру бойынша KAZAKH INDUSTRIAL STROI (ҚХР) және тамшылатып суару өндірісі бойынша KAZKASPI HYDRO (ҚХР) жүйелері. Сонымен бірге, өңірде өз өндіріс орындарын ашуға дайын тағы 3 мүдделі инвесторымыз бар. Қазіргі уақытта олар пысықтау сатысында.
Слайд 8. ТҰРҒЫН ҮЙ
Өңірде тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, жаңа алаптар мен шағын аудандар салынуда.
Жыл басынан бері 355,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 750,0 мың шаршы метрге жеткізу жоспарлануда.
Анықтама: облыс бойынша 2020 жылы 2131 пәтер / 38 үй, 2021 жылы - 2241 пәтер /41 үй, 2022 жылы - 2260 пәтер /34 үй, 2023 жылы – 1040 пәтер / 18 үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй кезегінде 38,9 мың адам тұр.
Бүгінде құны 17,6 млрд. теңгеге 2909 пәтерлік (242,5 мың ш.м) 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде биыл 2569 пәтерге (217,2 мың ш.м) 51 үй тапсырылады.
Одан бөлек, облыста жастардың тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында «Әулие ата жастары» өңірлік бағдарламасы қабылданды.
Бағдарлама аясында биыл 2 млрд. теңгеге 140 жастарға пәтер кілтін беруді жоспарлап отырмыз.
Жалпы, 2023 жылы тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 1942 пәтерге 23,2 млрд теңге, ал 2024 жылы 2 есе артық, яғни 3784 пәтерге 40,8 млрд теңге бөлінді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 79 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге 5,9 млрд.теңге бөлінді (Тараз қаласы – 53, Шу а. – 10, Сарысу а. – 12, Т. Рысқұлов а. - 4).
26 көппәтерлі тұрғын үйдің аулаларында (Тараз қ. – 25 ЖБ есебінен, Шу а. – 1 демеушілік қаражаты есебінен) ойын алаңдары салынды.
Ағымдағы жылы 12 млрд. теңгеге 77 тұрғын үй объектісіне және жеке тұрғын үй құрылысы үшін 351 жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылым жүргізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 млрд. теңгеге 1575 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Слайд 9. КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінуде.
Мәселен, 2024 жылы 21,5 млрд. теңгеге 68 жоба іске асырылатын болады. Оның ішінде 22 АЕМ-де орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу және 15 АЕМ-де кешенді-модульдік блоктарды орнату.
Нәтижесінде, 37 елді мекен (23,6 мың адам) қамтылады (бүгінгі күні 313 АЕМ 656,3 мың адам), сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 94,9%-дан 98,1%-ға дейін артады (тұрғынға есептегенде).
Газдандыру туралы айтатын болсақ, биыл 12 жоба шеңберінде қосымша 3 елді мекенді (5,0 мың адам) (бүгінгі күні 285 АЕМ 1 113 мың адам) 8,5 млрд. теңгеге табиғи газбен қамтамасыз етуді және газбен жабдықтау деңгейін 91,1%-дан 91,3%-ға дейін (тұрғынға шаққанда) жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Слайд 10. ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖӘНЕ ЖОЛДАР
Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырымды, тозу деңгейі 55,5%-ды құрап отыр.
Ағымдағы жылы 7,1 млрд. теңгеге 2025 жылы аяқталатын Тараз қаласындағы М-1 магистральдық жылу магистралін (10,6 млрд теңге, 6,1 шқ) қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Тозу деңгейі жыл соңына 54%-ға дейін төмендейді (2024 ж. – 4,7 шқ).
Жыл соңына дейін Қаратау қаласындағы (680,8 млн. теңге) және Жаңатас қаласындағы (4,2 млрд. теңге) орталық қазандықтарды қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда, нәтижесінде соңғысы мазут отынынан табиғи газға ауысады.
2025 жылы Қаратау қаласындағы орталық қазандықтың мазут нысанын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда (653,9 млн. теңге), сондай-ақ, республикалық бюджеттен (5,5 млрд. теңге) қаржыландыру қолдау тапса жылу желілерін (15 шағын аудан (1,036 щқ) – 635,3 млн. теңге), Тараз қаласындағы М-3 жылу магистралін ((1,4 шқ) – 2,1 млрд. теңге) және Шу қаласында 4 жобаны ((5,6 шқ) – 2,1 млрд теңге) қайта құруды бастау жоспарлануда.
Бұл жобаларды іске асыру тозу деңгейін 51,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды.
Ағымдағы жылы автожол саласын дамытуға 25,2 млрд. теңге бөлінді. 1 көпір мен 16,5 шқ көше жолдарын салу, 3,0 шқ қайта жаңарту және 655 км жолды орташа жөндеу (85,9 км – облыстық, 77 км – аудандық, 511,3 км – елді мекендер көшелері) бойынша 339 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Нәтижесінде, жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 99%-ға, көше жолдары желісін 87%-ға жеткізу жоспарлануда.
Слайд 11. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 43,6 млрд.теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге көп (2023 ж. - 36,3 млрд. теңге).
Биылғы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес, 6 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, жоспарда әлі 8 мыңдайын ашу жоспарлануда (барлығы 14 331 жұмыс орындары.
Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 38 961 жұмыс орны құрылды (23 527-тұрақты, 15434-уақытша) (жоспар – 67357). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31614 жұмыс орны қамтылды (жоспар – 47951).
Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың іске асуы нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 2023 жылғы 42,2 мыңнан 9,5 мың адамға азаяды деп күтілуде.
Слайд 12. БІЛІМ
Адами капиталды дамыту экономикадағы жүйелі мәселелерді шешудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Жыл басынан 7 білім нысаны (5 – школ, 2 – пристройки: актовый зал и спортзал) енгізілді.
Биыл 19 білім беру нысаны (15 мектеп (оның ішінде 7 Жайлы мектептің), 4 мектепке қосымша) салынады деп күтілуде.
Нәтижесінде, оқушы орын тапшылығы бар 9 мектеп, 4 үш ауысымды, 3 ескірген, 2 апатты мектеп проблемалары шешілетін болады.
Ағымдағы жылы 10 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд.теңге бөлінді (206 мектепті модификациялық кабинеттермен қамтамасыз ету үшін 1,9 млрд. теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1,2 млрд. теңге).
Мемлекеттік білім беру ұйымдары бейнебақылаумен 82,9%-ға, дабыл түймелерімен 100%-ға, турникеттермен жабдықтау 85,5%-ға, мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету - 83,7%-ға қамтамасыз етілді. Біз жыл сайын оқушылардың қауіпсіздігіне қаржы бөліп отырмыз.
1 - 4 сыныптағы 67 мыңнан астам оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 5,6 млрд.теңге қарастырылған.
Қосымша 1 - 11 сыныптағы 47 мыңға жуық аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға 3,9 млрд теңге бөлінді.
Биыл облыстың білім саласына бөлінген қаржы көлемі 319,2 млрд теңгені құрады.
Слайд 13. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
2024 жылы денсаулық сақтау ұйымдарының тозуын 40,3%-дан 36,5%-ға дейін төмендету үшін 6,8 млрд.теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде - 2,6 млрд. теңгеге 20 нысан.
Бүгінде, Жамбыл ауданы, Қостөбе ауылында медициналық пункт, Тұрар Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында фельдшерлік-дәрігерлік пункт, Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылында дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 16 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, 1,6 млрд.теңгеге 4 нысанға күрделі жөндеу жүргізілуде.
4,7 млрд. теңгеге 38 санитариялық автомобиль және медициналық жабдық сатып алу жоспарлануда.
Нәтижесінде, медициналық жабдықтармен жабдықталу деңгейі 96,7%-ға жетеді (2023 ж. - 91,9%).
Халықты сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 3 ауданда (Байзақ, Қордай, Жуалы) орталық ауруханалар салу және 3 ауданда (Мерке, Шу, Талас) көп бейінді ауданаралық ауруханаларды қайта жаңғырту жобаларының құжаттары әзірленуде.
Слайд 14. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Дене шынықтыру мен спортты дамыту - ұлт денсаулығының кепілі.
2024 жылы осы салаға жергілікті бюджеттен 15,5 млрд. теңге бөлінді.
Облыста 15 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 3,5 млрд. теңге қарастырылған.
Жыл соңына дейін 13 спорт нысаны пайдалануға беріледі.
Ағымдағы жылы жоспарланған 74 спорт алаңының 45-і пайдалануға берілді.
Жалпы, биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейін 66%-ға (2023 ж. - 64,9%), дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесін 41%-ға (2023 ж. - 40,2%) жеткізу жоспарлануда.
Осы саладағы ерекше жетістік – дзюдодан «Париж-2024» жазғы Олимпиада ойындарында Елдос Сметовтың алтын медаль жеңіп алғаны.
Бұның ерекшелігі «Мәскеу – 1980» жазғы Олимпиада ойындарында Жақсылық Үшкемпіровтің алтынынан кейін 44 жылдан кейін Жамбыл спортшысының алтын медаль жеңіп алғаны, (5 спортшы қатысты, қазіргі бессайыстан Георгий Борода-Дудочкин, бокстан Асланбек Шымбергенов, еркін күрестен Әлішер Ерғали, дзюдо бойынша Данияр Шамшаев пен Елдос Сметов).
Бұдан бөлек, Париж – 2024 XVIII жазғы Паралимпиада ойындарында Жамбыл облысы 4 лицензия алды (жұп жүзу бойынша Зульфия Ғабидулина мен Нұрдәулет Жұмағали, таеквондо жұбы Нышан Өмірәлі және жеңіл атлетика жұбы Салтанат Әбілқасымқызы бойынша).
8-13 қыркүйек аралығында Астанада V Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарына Жамбыл облысынан 17 спортшы қатысады (олар спорттың 8 түрінен, соның ішінде көкпар, көкбори, жамбы ату, құстармен аң аулау, қазақ күресі, құраш (өзбек күресі), ашырталы аба гүреши (түрік күресі), белбеу).
Ағымдағы жылы мәдениет саласын дамытуға 14,4 млрд. теңге бөлінді. 16 нысанның құрылысы (3,1 млрд.теңгеге) және 2 нысанда күрделі жөндеу (277,2 млн. теңгеге) жүргізілуде.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен 1,3 млрд. теңгеге 217 үйірмеде 6,8 мың бала қамтылды.
Жыл қорытындысымен халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 84,8% – ға жетеді (2023 ж. - 82,0%).
Слайд 15. ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
Облыста жастар санатына жататын 355 783 адам бар. Бұл облыс халқының 29,1% құрайды.
Ағымдағы жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8% құрады, уақытша жұмыспен қамтылмаған жастардың (NEET) үлесі - 6,8% .
Осы жылдың 7 айында 15 223 жас белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды (жоспар 20933 адам), «Ауыл аманаты» жобасы аясында 259 жастар 2,5% жеңілдікпен несие алды.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін жастардың 362 өкіліне (жұмыссыз және кәсіпкерлікпен кемінде 3 жыл айналысқан) 1 млрд. 810 млн. теңге сомасына жылдық мөлшерлемесі 2,5% жеңілдетілген тәртіппен микрокредиттер беру жоспарлануда.
Бұдан басқа, «Жасыл ел» еңбек жасағына маусымдық жұмыстарға 2000 жұмыссыз, уақытша жұмыспен қамтылмаған (NEET санаты) жастарды тарту үшін 173,5 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 1312 жас маусымдық жұмыстарға қатысуда.
Жамбыл өңірінің ерекшеліктерінің бірі - ЮНЕСКО тізіміне енгізілген табиғаты бай көптеген тарихи орындар. Яғни, облыста туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар.
2022 жылы Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнер қалаларының тізіміне еніп, Қазақстанның Тұңғыш қолөнер қаласы мәртебесін алды.
Қазіргі уақытта туризм саласында 15,9 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобаларды іске асыру 200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 3 жоба пайдалануға берілді: Жамбыл ауданындағы «Алмалы» демалыс орталығы, Жуалы ауданындағы «Koksai resort» демалыс аймағы және Тараздағы «Зербұлақ» аквапаркі.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 40,8 мың турист келіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туристер саны 31% - ға өсті. Оның ішінде 545-і шетелдіктер, еліміздің басқа өңірлерінен 40,3 мың турист.
2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланғаны белгілі. 2024 жылғы 29 наурызда Қытай астанасы Бейжіңде туризм жылының ресми ашылу салтанатында облыстың туристік әлеуетінің тұсаукесері өтті.
Алдағы уақытта Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында тақырыптық апта өткізу жоспарлануда (қолөнер көрмесі, роуд-шоу, В2В кездесулері және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады).
Сондай-ақ, туристер санын 150 мыңға, төсек – орын санын 7 мыңға жеткізу, 50 жаңа жұмыс орнын құру міндеті тұр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Слайд 16. ТАРАЗ
Облыстың әкімшілік орталығы – Тараз қаласын абаттандыру, қала халқын баспанамен және жайлы өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі таңда 2 522 пәтерлі 50 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 40 үйдің құрылысын аяқтау көзделуде. Оның ішінде 34 тұрғын үй 15 мөлтек ауданында, 16 тұрғын үй 16 мөлтек ауданда орналасқан.
Қаланың орталық көшелеріндегі (Абай-Төле би, Абай – Казыбек би), 27 көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жаңарту жобасы әзірленді. Жұмыс басталып кетті, қаланың басты көшесінің қалай өзгеріп жатқанын бәріңіз көрген шығарсыздар, жыл соңына дейін 11 үйді түрлендіруді жоспарлап отырмыз.
Қалған 16 үйді келесі жылы жаңғырту жоспарлануда.
Тараз қаласындағы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойында, соңғы рет 1990 жылы немесе осыдан 34 жыл бұрын қалпына келтірілген, ұзындығы 6,1 шақырым болатын М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс басталғанға дейін жылу жүйесінің тозуы 82% құрады.
«Жамбыл даңғылы, Қонаев, Сейфуллин көшелері бойындағы М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту» жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім берілді. Бұл жылу магистралі 1977 жылы немесе 47 жыл бұрын пайдалануға берілген, содан бері бірде-бір рет қайта жөндеуден өткен жоқ. Жүйенің тозу деңгейі - 90%. Көріп отырғанымыздай, жыл сайын апаттар саны артып келеді. Құны – 2,1 млрд теңге.
Сондай-ақ, қаладағы 76 көшеге жарықтандыру жүргізудеміз. Қала маңындағы саяжай алқаптарында жоғары вольтты желілер мен қосалқы станциялар құрылысы басталды.
25 аулада балалар ойын алаңшасы салынды.
8 кіші-футбол алаңшасының құрылысы аяқталды, 1 кіші-футбол алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, 14 футбол алаңшасы күрделі жөндеуден өтуде.
«Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 20 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып, оның тең жартысы биыл көктемде отырғызылды.
Слайд 17. ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС
Барлық деңгейдегі әкімдермен 424 есептік кеңес өткізілді,оған 27,5 мың тұрғын қатысты, оның ішінде 3,3 мың онлайн форматта.
2023 жылы 46 жеке қабылдау өткізіп, 639 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдады. Олардың барлығына қолданыстағы заңнама шеңберінде жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап облыстың 79 елді мекеніне (49 іссапар) барып, 145 нысанның жай-күйімен танысты.
Облыстың барлық өңірлерінде осындай кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отырмын.