Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
ашық
Облыста 903 мемлекеттік білім беру ұйымдары бар. Оның 17432 бейнебақылау камерасының 10458-і (58,99%) аналогтық, 6974-і (40,01%) цифрлық бейнекамералар.

Қазіргі таңда, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу, Шу аудандары және Тараз қаласы білім бөлімдері білім беру ұйымдарының аналогтық бейнекамераларын цифрлық бейнекамераларға ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, барлығы 2814 (155 мектепке 2261 камера және 54 балабақшаға 553 камера) цифрлық бейнекамералар орнатты.

Білім беру ұйымдары үш топтан екі топқа бөлінуіне байланысты интеграцияланатын білім беру ұйымдарының саны 244-ке ұлғайып, осы мекемелерге талапқа сай қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 528 млн. 952 мың теңге бөлінді.

Қазіргі таңда, 12 интернаттың бейнебақылау жүйесі жаңартылды. Қалған 9 интернаттың бейнебақылау жүйесін жаңартуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп-интернаттардың жатақханаларын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жұмыстары келісім-шарт негізінде мерзімінде аяқталатын болады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар