«ӘН АҒА-ЖАН АҒА» КОНЦЕРТІ ЖӘНЕ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ
- author Zhambylokq
- Бүгін, 17:24
- 1
1996 жылы бұл мекемеге 300-ге жуық әндердің авторы Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік Әнұранымыздың авторы, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.
60 жылдан астам тарихы бар өнер ордасының мақсаты – музыка өнерін, Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау, оның бұрын жарияланбаған немесе көпшілікке беймәлім шығармаларын жарыққа шығару, өнер саласындағы мемлекеттік идеологиялық саясатты енгізу бағытында сахналық, концерттік іс-шаралар, қайырымдылық концерттерді ұйымдастыра отырып, осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүр, әлемдік классикалық шығармаларды насихаттау және дәріптеу болып табылады.
Жалпы шығармашылық саланың мақсаты:
Шәмші әндерін насихаттау.
Облыстың мәдени-рухани байлығын арттыру.
Ұлттық өнер мен оркестрді дамыту.
Би бағытын жандандыру.
Сазгерлер мен орындаушыларды көтермелеу.
Жетістігіміз:
Қызметкерлер саны -247, оның ішінде шығармашылық құрам – 171.
Еңбек сіңірген қайраткер және қызметкер – 5
ҚР Ерен еңбегі үшін медальдің иегері – 6
ҚР мәдениет саласының үздігі – 19
“Құрмет” орденынің иегері – 4
“Еңбек ардагері” - 4
Облысқа сіңірген еңбегі үшін медаль иегері – 2
ҚР Тәуелсіздігіне 25,30 жыл медалінің иегері - 7
Республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты – 50
Өнер мекемесінде 10 шығармашылық ұжым бар.
Олар: «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Тұмар» фольклорлық ансамблі, Камералық оркестр, «Фараб» би театры, «Ғасыр» би ансамблі, орыс-халық ансамблі, «Shaugar» этно-фолклорлық ансамблі одан басқа жекелеген эстрадалық, академиялық және дәстүрлі әртістер қызмет етеді.
Тақырыптың арқауы «Ән аға-Жан аға» концерті туралы:
Филармонияның «Ән аға-Жан аға» концерттік жобасы
Шымкент қаласында өтті
Түркістан қаласы, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өтті
Алматы қаласы, «Республика сарайы» кешенінде болды
Қызылорда қаласы «Өнер орталығы» кешенінде ұйымдастырылды
Алдағы уақытта республиканың Солтүстік, Батыс өңірінде қою жоспары тұр.
«Ән аға-Жан аға» концертінің ерекшелігі:
Ұлы композитордың еш жерде жарияланбаған, мұрағаттан табылған өмірдерегі мен шығармашылығы көрсетіледі
Әндерінің шығу тарихы баяндалады
Жанды сүйемелдеуде, жанды дауыста өтеді.
Шәмшінің туған жерінен алынатын ұлттық тағамнан дәм тататын боласыздар.
Концерт жанды сүйемелдеуде, жанды дауыста өтеді. Сүйемелдеуші 23 жылдық тарихы бар «Сүгір» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі; «Алаш» вокалды аспаптар ансамблі, «Фараб», «Ғасыр» би ұжымдары. Филармония әншілері, сонымен қатар кешімізде ҚР Ерең еңбегі үшін медалінің иегерлері Наркенже Серікбаева, Хадиша Сейітова, Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары «Сарын» тобы, Данияр Барыс сынды өнершеберлері өнер көрсететін болады.
Сіздерді жағымды жаңалықтардың жаршысы ретінде танимыз. Осы тұста барлықтарыңызды концертке қонақ ретінде шақырамыз. Ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Алдын ала алғыс айтамын!
Әлеуметтік желілер:
Эл.пошта:filarmonia.2023@mail.ru
Insta:filarmonia_shamshi
Сайт:shamshi-filarmonia.kz
Youtube:@Shamshifilarmonia
Байланыс: 8 702 162 48 81
Ұқсас жаңалықтар
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУДІҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
- авторZhambylokq
- 16 наурыз, 2026




