- Өнеркәсіп 15,9 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 101 пайызға орындалды;
- Инвестиция 40,4 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 112,9 пайызға орындалды;
- Құрылыс көлемі 23,3 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 185,3 пайызға орындалды;
- Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 45 мың шаршы метрді құрап, индекс көлемі 102,7 пайызға орындалды;
- Ауыл шаруашылығы 54,7 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 103,3 пайызға орындалды;
- Бөлшек сауда айналымының көлемі 30,0 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 107,4 пайызға орындалды.
Қаңтар-қазан айларының қорытындысымен кірістер 15 млрд. 567 млн, теңгені құрап 96,6 пайызға орындалды. Соның ішінде, меншікті кірістер 5 млрд.178,2 млн теңгеге немесе, 115,5 пайызға орындалып, 695,7 млн.теңге жоспардан артық түсті.
Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар: 25 қазан-Республика күніне орай аудан тұрғындарының қолданысына Қордай ауылындағы 2 автомобильге арналған өрт сөндіру ДЭПО-сы, Масаншы ауылдық ауруханаға қосымша құрылысы, Степное, ауылындағы су құбыры қолданысқа беріледі.
Аудандағы 41 елді мекеннің 36-і газбен қамтылған немесе 87 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда Керу ауылына газ құбырының құрылысы аяқталуда, ал Бел, Мұзбел, Аңырақай, Бәйтерек ауылдарының ауылішілік газ құбыры құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жоспар бойынша 2025 жылға дейін ауданның барлық елді мекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.
Бүгінгі күнге 6 елді мекенде (Бәйтерек, Соғанды, Шарбақты, Кунбатыс-2, Еңбек, Сарыбұлақ ) су құбырының құрылыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар 12 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін 179,6 млн. теңгеге жобалаушы мекемелермен келісім-шарттар жасалды.
Игерілмеген жерлерді қайтару бойынша 2023 жылы 15 000 га жоспарланып 15 064 га мемлекеттік жер қорына қайтарылды. (жылдық жоспар 100,4 пайызға орындалды
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 715,2 млн. теңгеге 9 нысанның (ауылішілік жолдар, 24,7 шқ: Беріктас-2, Бетқайнар-2, Ноғайбай-1, Сарыбұлақ-1, Сұлутөр-1, Қарасу-1, Степное-1), ал жергілікті бюджет есебінен 273,4 млн. теңгеге 8 нысанның (12,3 шқ: Шарбақты-2, Сортөбе-1, Масаншы-1, Үлкен Сұлутөр-1, Қайнар -1, Қордай-1, Қалғұты-1) мердігерлері анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Жалпы 37 шақырым жол).
Сонымен қатар аудандық маңызы бар Отар ауылына кіреберіс автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде (16,1 шақырым, келісім шарт құны 537,0 млн. тг.).
Жұмыспен қамту шаралары: Ағымдағы жылдың 3-і тоқсанына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4964 адам тартылып 80,4 пайызға орындалды,(жылдық жоспар 6173 адам), 4184 адам жұмысқа орналастырылып 86,4% пайызға орындалды (жылдық жоспар 4837 адам). Оның ішінде 2667 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып 80,8 пайызды құрады (жылдық жоспар 3300 адам). Жыл басынан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 287 азамат оқуын аяқтады, жылдық жоспар 897 адам (31,0 % орындалды).
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға Қордай ауданына 95 азаматқа жалпы сомасы 140,3 млн. теңге қаражат бөлінді.
«Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылы Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округінде пилоттық жоба ретінде басталып кейіннен Кенен, Қаракемер, Қарасу, Сарыбұлақ, Қақпатас ауылдық округтарында іске асырылды.
ЖАМБЫЛДА СУАРУ 10 ӘКІМШІЛІК АУДАН БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
- авторZhambylokq
- 25 желтоқсан, 2024