ЖАМБЫЛДА СУАРУ 10 ӘКІМШІЛІК АУДАН БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ
- author Zhambylokq
- 1 қараша, 2024
- 50
Филиалдың балансында барлығы 496 ГТС бар, оның ішінде:
* 7 су қоймасы (су жинаудың жалпы көлемі 841 млн. м3)
* 2 бөгет,
* 11 су торабы,
* 349 бірлік суару каналдары (ұзындығы 2177 км),
* 81 коллектор бірлігі (ұзындығы 407 км),
* 46 ұңғыма..
Жамбыл облысы бойынша суару 10 әкімшілік аудан бойынша жүргізіледі. Оның ішінде 5 аудан және бойынша ішкі су көздері есебінен - Жуалы, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу, Мойынқұм және Меркі аудандары және трансшекаралық көздер бойынша қалған 5 аудан Шу мен таласқа тәуелді. Бұл Қордай, Шу өзені бойындағы Меркі ауданы және Талас өзені бойындағы Байзақ, Жамбыл және Талас аудандары.
2024 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы су толық жеткізілді және су тапшылығы сезілмеді, суармалы су берілген өтінімдерге сәйкес толық көлемде берілді. Аталған аудандарға сәйкес сумен қамтамасыз ету және су тапшылығы проблемалары болған жоқ, су берілген өтінімдерге сәйкес толық көлемде берілді.
Су шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстар: «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының балансында 7 су қоймасы тіркелген, техникалық жай-күйі бойынша рұқсат етілген көлемі 941,6 млн.м3 құрайды. Вегетациялық кезеңге дейін 771,0 млн. м3 су жиналды, бұл 90,1 мың гектарды суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
2025 жылы Ислам даму банкі есебінен 2 су қоймасын қайта жаңарту және 3 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, арналарды қайта құру бойынша жалпы ұзындығы 407,0 км 5 аудан аумағында орналасқан 76 суару каналын қайта жаңарту жоспарлануда. Бүгінгі таңда конкурстық іс-шараларды өткізу үшін құжаттарды жинақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Суды үнемдеу технологиялары: Филиал бойынша суды үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 10745 гектар суармалы алаңды пайдаланады.
Жыл сайын су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруа қожалықтарының қарқынды өсуі байқалады.
Вегетациялық кезеңнен өту:
Ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 90,1 мың га жер суарылды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру көлемі 533,3 млн.м3 құрады.
Шаруа қожалықтарымен келісім-шарт жасау шаралары:
«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы жасалған шарттарға сәйкес суармалы су беру бойынша қызмет көрсетеді. 2024 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 90,1 мың гектар суармалы алқапқа 3836 шарт жасалды. 2024 жылдың суару маусымында су тұтынушылармен су беру толық көлемде жүргізілді.