2024 жылдың 8 қараша күні Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Мыңбаев Сәкен Сәрсенбайұлының қатысуымен «Өңірдегі діни ахуалдың жай-күйі және дін саласында 2024 жылы атқарылған жұмыстар» тақырыбында брифинг өттi.
С.Мыңбаев баяндамасында облыс аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, діни қызмет саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді орындау мәселелері, сондай-ақ өңірдегі діни ахуалдың ағымдағы жағдайы мен даму үрдістерін қамтыды.
Сондай-ақ, Сәкен Сәрсенбайұлы өз сөзiнде жыл басынан берi өткiзiлген едəуiр маңызды оқиғаларды және дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алуда қолданылатын инновациялық әдiстер туралы айтып, жастар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзудің маңыздылығын айтты.