КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТЕГІ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
- author Zhambylokq
- 25 қараша, 2024
- 18
Атап айтқанда, 2024 жылы Басқармаға қарасты «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі 9 су қойманы жөндеу жоспарланып, бүгінде барлық су қоймада жұмыстар 100% аяқталды. Бөлінген қаражат толығымен игерілді (Әлденбай (Т.Рысқұлов ауданы), Аспара-3, Гаус, СТФ, Гранитогорск, Шубай (Меркі ауданы), Бөгет-3, Рахат (Жамбыл ауданы), Қошқарата (Жуалы ауданы).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Мекемеге қарасты 10 су қоймаға көпфакторлы зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жұмыстар 90% орындалд. Сұлукөл (Жамбыл ауданы), Береке (Жуалы ауданы), Қарабақыр, Ақкүмбез (Байзақ ауданы), Буланбай (Шу ауданы), Шілік (Т.Рысқұлов ауданы), Ленин жол (Меркі ауданы), Тамды, Алтынкөл (Талас ауданы), Ешкілі-Қордай (Қордай ауданы).
Бұл жұмыстарға 53,055 млн. теңге қарастырылған («КазГипроВодХоз» ЖШС).
Аталған су қоймаларына көпфакторлы зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, қорытындысына сәйкес жұмыстар жалғасатын болады.
Одан бөлек, 5 су қоймаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге 30,0 млн теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта сметалық құжаттар сараптама қорытындысымен әзірленуде («Көкішкөл» (Жамбыл), «Көлтоған» (Меркі), «Қаратас» (Сарысу), «Әбдірәсіл» және «Дулатбай» (Талас)).
Баспасөз конференциясында басқарма басшысы Олжас Елебекұлы Баққараев өңірдегі су шаруашылығы саласын дамыту, сондай-ақ, 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Сонымен қатар, 2025 жылға жоспарланып отырған іс-шаралар мен ауқымды жұмыстар жайындағы ақпараттар да ортаға салынды.
Байланыс номері: 8 700 098 30 30 Нұржігіт Рахымбек
Электронды пошта: t su_bolimi@mail.ru