Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбылда дәнекерлеуші мамандығын игеріп жүрген жалғыз қыз бар

Жамбылда дәнекерлеуші мамандығын игеріп жүрген жалғыз қыз бар
ашық дерек
Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға зор үлес қосып келеді

Аталған колледждің 3-курс студенті Виктория Маркова Жамбылда дәнекерлеуші мамандығын игеріп жүрген жалғыз қыз. Виктория өз қалауымен «Дәнекерлеу ісі» мамандығын игеруге бел байлаған.

Биылғы жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланған болатын. Бұл бастама еліміздегі жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, жастардың арасында техникалық салаларға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған. Бұрындары ерлерге тән мамандықтар деп саналатын дәнекерлеуші мамандығында да қыздардың білім алып, білікті маман атануы жиі кездесуде. Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің 3-курс студенті Виктория Маркова дәл осы бағытты таңдаған жалғыз қыз.

Викторияның туған ағасы  дәнеркерлеуші болғандықтан, ол ерте жастан бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеруге бала кезден құмартып, бұл салаға қадам басқан.

Виктория қазір колледжде сапалы білім алып, болашақ мамандығының майталманы болу үшін талмай еңбектеніп жүр. Қайсар қыз жетістіктің сыры - еңбекқорлық деп санайды.  

«Дәнекерлеу – тек ерлерге арналған кәсіп деп ойлайды көпшілік. Бірақ мен бұл пікірмен келіспеймін. Әрбір адам өз ісіне қызығушылықпен қарай отырып, кез келген мамандықты игере алады. Бастысы – еңбекқорлық пен ынта», - дейді Виктория Маркова.

Қазіргі таңда Виктория колледжде білім алумен қатар, дуальды оқыту жүйесі аясында өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Бұл тәжірибе оған тек кәсіби шеберлігін арттыруға ғана емес, болашақ маман ретінде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға да көмектеседі.

Виктория болашақта дәнекерлеуші болып жұмыс істеп, өзінің кәсібінде үлкен жетістіктерге жетуді жоспарлап отыр. Ол дәнекерлеу ісі тек ауыр еңбек емес, сондай-ақ шыдамдылық пен дәлдікті қажет ететін өнер екенін айтады.

Викторияның еңбекқорлығы мен өз ісіне деген сүйіспеншілігі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға үлес қосып, басқа қыздарға да техникалық мамандықтарды таңдауға шабыт береді. Жамбылдағы дәнекерлеуші мамандығын игеріп жүрген жалғыз қыз ретінде ол еліміздегі жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын кеңінен танытуда үлгі боларлықтай тұлға болып отыр.

Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мақсатында үздіксіз даму жолында жұмыс істеуде. Колледж еліміздегі техникалық және технологиялық бағыттардағы мамандарды даярлауда үлкен рөл атқарады. Биылғы жылы жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы артқан кезде, колледжде осы сала бойынша білім алған студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болып, олардың өңірдің еңбек нарығына қажетті маман болуына жағдай жасалуда.

Колледждің техникалық базасы үнемі жаңартылып, білім беру үрдісі өндірістік тәжірибемен тығыз байланыстырылады. Студенттер өндірістік тәжірибені серіктес кәсіпорындарда өтіп, өз дағдыларын шыңдайды. Мұндай тәсіл олардың болашақта табысты маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі осы бастамаларды жүзеге асыру арқылы жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, техникалық білімнің сапасын көтеруге үлесін қосып келеді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар