Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ: 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ: 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
ашық
📊 Аудит нәтижелері 2024 жылы Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 74 аудиторлық іс-шара жүргізді, оның ішінде: ✔ 14 жоспарлы тексеріс ✔ 60 жоспардан тыс тексеріс (оның 49-ы азаматтардың өтініштері бойынша)

🔍 Негізгі қаржылық бұзушылықтар:
💰 65,1 млрд теңге көлемінде бұзушылық анықталды, оның ішінде:
    •    63,2 млрд теңге – қаржылық бұзушылықтар;
    •    1,2 млрд теңге – орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген тауарлар үшін төленген қаражат;
    •    882,4 млн теңге – жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар;
    •    89,4 млн теңге – мемлекеттік активтерді дұрыс пайдаланбау.

⚖ Жауапкершілікке тарту:
👨‍💼 51 лауазымды тұлға – тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
👨‍⚖ 47 лауазымды тұлға – әкімшілік жауапкершілікке тартылды (21,3 млн теңге бюджетке қайтарылды);
🚔 1,4 млрд теңге сомасымен 4 іс құқық қорғау органдарына жолданып, 1 қылмыстық іс қозғалды.

📌 Камералдық бақылау:
📑 26 780 мемлекеттік сатып алу лоты тексерілді, анықталған бұзушылықтар бойынша 6 398 хабарлама жіберілді, оның 98%-ы орындалды.
⚠ 40 ұйымның банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылды, 54 әкімшілік хаттама сотқа жолданды.

📩 Шағымдар:
📌 2 659 шағым қаралды, оның ішінде:
✔ 1 539 шағым қанағаттандырылды немесе ішінара қанағаттандырылды;
❌ 1 120 шағым қанағаттандырудан бас тартылды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар