ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ: 2025 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?
- author Zhambylokq
- 31 қаңтар, 2025
- 33
Қазақстанда 2021 жылдан бері кезең-кезеңімен енгізіліп келе жатқан жалпыға бірдей декларациялау жүйесінде 2025 жылдан бастап өзгерістер күтілуде. Бұл шара әділ салық салуды қамтамасыз ету, кірістерді бақылау және сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қабылданған.
Жаңа өзгерістер қандай?
Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, декларациялау жүйесін жеңілдету ұсынылуда. Негізгі өзгерістер:
Егер жеке тұлғаның шетелде төмендегідей активтері болмаса, ол декларация тапсырудан босатылады:
• Жылжымайтын мүлік пен көлік;
• Шетелдік банктердегі 3,7 млн теңгеден (1000 АЕК) астам қаражат;
• Бағалы қағаздар, брокерлік шоттардағы қаражат;
• Инвестициялық бағалы металдар, цифрлық активтер;
• Зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері.
“Активтер мен міндеттемелер” декларациясын міндетті түрде тапсыратындар:
• Шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары мен резиденттері;
• Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар және т.б.);
• Мемлекеттік қызметке, сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;
• Банктер мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер.
“Кірістер мен мүлкі” декларациясын міндетті түрде тапсыратындар:
• Мемлекеттік қызметкерлер, олардың жұбайлары;
• Квазимемлекеттік сектор басшылары мен құрылтайшылары;
• Банктер, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары;
• Шетелде мүлкі бар тұлғалар;
• 20 000 АЕК-тен (74 млн теңгеден) жоғары мүлік сатып алғандар.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Жандос Лахаев хабарлады.