2025 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері ұлғайтылды.
Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5% - ға артты.
Ағымдағы жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 62771 теңгені құрайды.
Базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып өсті.
2025 жылы базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110%, немесе 50851 теңгені құрайды.
2025 жылы айлық есептік көрсеткіш ұлғайып, 3932 теңгені құрады. Оның көрсеткіші жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа төлемдерді қолдану үшін қолданылады.
Келесі мақала