
Облыс бойынша 12 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында (бұдан әрі - АШЖБ) барлығы 3,9 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары (458 мың бас ірі қара, 3,3 млн. бас ұсақ мал, 4,5 мың бас шошқа,
185 мың бас жылқы, 8 мың бас түйе малы) тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары 12 (он екі) айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 27,0 млн. манипуляция жүргізілді.
КҚГҚ-на қарсы шаралар туралы
Конго-Қырым Геморрагиялық Қызбасына қарсы
2024 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 46 елді мекенде 6,4 млн. шаршы метрді құрайтын 20 297 аулалар мен қора жайлар, 156 мың шаршы метр буферлік аймақ және барлығы
506 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына үш кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары (аудан әкімдерімен бекітілген кесте бойынша) толығымен жүргізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- авторZhambylokq
- 11 наурыз, 2025