Жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- author Zhambylokq
- 11 наурыз, 2025
- 211
Өрт қауіпі жоғары кезеңдерде орманды қорғау үшін авиациялық патрульдеу жүргізіледі. Бұл жұмысты РМҚК "Казавиаорманқорғау" жүзеге асырады.
Авиациялық бақылаудың басты мақсаты:
Орман өрттерінің алдын алу және оларды жедел анықтау;
Өрт шыққан жағдайда әуе техникасын қолдана отырып сөндіру жұмыстарын жүргізу;
Ормандарды заңсыз кесуден, браконьерліктен және басқа да заң бұзушылықтардан қорғау.
Орман қорын әуеден бақылау қалай жүзеге асады?
Қазіргі уақытта "Казавиаорманқорғау" 10 облыстағы 15 авиациялық бөлімше арқылы 8,8 миллион гектар мемлекеттік орман қорын күзетеді. Өрт қауіпі жоғары кезеңдерде арнайы тікұшақтар мен ұшақтар белгіленген маршруттар бойынша патрульдеу жүргізеді.
Патрульдеу кезінде орман шаруашылығы қызметкерлері аумақты жоғарыдан шолып, түтін ошақтарын, заңсыз әрекеттерді дер кезінде анықтайды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: ЖАҢАШЫЛ БАСТАМАЛАР МЕН ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН ЖЕТІСТІКТЕР
- авторZhambylokq
- 18 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛДЫҚ ЭНЕРГЕТИК ҚАНАТБЕК ЖАМАЛАҚОВ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
- авторZhambylokq
- 17 желтоқсан, 2025






