Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жуалы ауданы, Шыңбұлақ ауылындағы жағдай толығымен қалыпқа келтірілді

Жуалы ауданы, Шыңбұлақ ауылындағы жағдай толығымен қалыпқа келтірілді
ашық
Ауыл көшелері судан тазартылған. Қазіргі таңда су басу қаупі жоқ.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 9 наурыз күні сағат 14.15 шамасында 112-ге Жуалы ауданы Шыңбұлақ  ауылы Е. Құрмаш көшесі бойында су алып жатқандығы туралы хабар түскен.

Тарақұл каналының қармен бекітілуіне байланысты көлбеу су ауылдағы Қ. Естайұлы және Бектаналы көшелерінің бойымен (жол бойы) су ағып өткендігі анықталған.

Жағдайды бірден облыс әкімі назарға алып, оқиға орнына облыстық ТЖ департаментінің басшылығы мен аудан әкімі барып, дер кезінде тиісті шаралар  атқарылды. 

Жергілікті атқарушы органдардан, ТЖД, ерікті жасақшылардан жалпы 55 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылып, су бұру жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде су егіс алқабы арқылы Теріс өзеніне тасталды.

Сондай-ақ, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында арық бойларына жасанды бөгеттер  салынып, кеңейту жұмыстары жүргізілді.

Зардап шеккендер жоқ. Тек бір 1 үйдің ауласына су ғана кірген.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар