
Кәсіпорын ғимаратпен қамтылған. Аудан бойынша 18 ауылдық округтер және Шу қаласы бойынша барлығы 19 округтен құрылған. Қазіргі таңда 14 ауылдық округтер вет.пункттермен қамтылған. Шу қаласының әкімі аппараты тарапынан тұрғын үй сатып алынып, ветеринариялық пункттың іс-қағаздары рәсімделуде. Дулат а/о-нен 1 вет пункт 2023 жылы салынған, бірақ бүгінгі күнге дейін кәсіпорын теңгеріміне берілген жоқ. Алға, Бірлік, Жаңажол ауылдық округтеріне 3 вет.пункт қажет.
Сәуір айында Жамбыл облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасының қолдауымен 5 ауылдық округқа жаңа Нива автокөлігі табыс етілді.
Жыл басынан 19 595 бас МІҚ, 176 500 бас уақ малынан қан сынамалары алынып, аудандық ветеринариялық зертханаға жеткізіліп, зерттелген. Оның ішінен 8 бас уақ малдарынан сарып ауруы анықталды. КХ «Рамазанмен» меморандумға отырып, бруцеллез жануарларды санитарлық өңдеуге алып кетеді. 1 басы өлген, 7 бас сан. союға жіберілді.
2024 жылы 12 айда 5 адам бруцеллез ауруына шалдыққан. 2023 жылы 4 адам ауырған. 2025 жылға әлі тіркелмеген.
Бүгінгі күнге 430 000 теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.
Жамбыл облысы ветеринариялық станциясы ШЖҚ КМК-ның Шу ауданының ветеринария бөлімі теңгерімінде 1 жылжымалы, 2 тұрақты инсинераторлары бар. Бүгінгі күнге инсинераторлар толық іске қосылған, экологиялық рұқсаттары алынған.
Бүгінгі таңда кәсіпорында 25 а/к Нива, 1 ДУК, 2 УАЗ, 1 Лада, 1 Пикап автокөліктері бар.
ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы.
Қаңғыбас ит мысықтарды уақытша ұстау тәлім бағын /питомник/ салу бойынша ауданда бір қатар жұмыстар атқарылып, Төле би ауылынан жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Аудан бойынша қаңғыбас ит-мысықтарды ұстайтын тәлім бағы /питомник/ жоқ болуына байланысты стерилизация жұмыстары жасалынбайды және қазіргі кездегі ветеринар мамандарға туындап тұрған ең қиын мәселе, осы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою. Жыл басынан аудан бойынша кәсіпорынға 25 өтініштер түсіп 690 бас қаңғыбас ит аулау мамандарымен ауланған.
Шу ауданы бойынша Шу қаласы мен 7 ауылдық округтерден Конго Қырым безгегі ошағы пайда болды. Олар: Ақсу, Алға, Балуан Шолақ, Дулат, Қорағаты, Қонаев, Төле би ауылдық округтері және Шу қаласы. Бүгінгі күнге Жамбыл облысы әкімдігінің Конго-Кырым гемморагиялық қызбасының табиғи ошағында қоныстанған аудан тұрғындарын қорғау мақсатында 16 192 қора-жай, жалпы ауданы 2 824 695 ш/м залалсыздандырылып І-кезеңі аяқталды.