Облыстың автожолдарындағы жол-апаттарының жай-күйі және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
- author Zhambylokq
- 26 мамыр, 2025
- 27

Жол маңыздылығы бойынша қарайтын болсақ:
Республикалық маңыздағы автожолдарда жол-көлік оқиғалар саны 11,1% (90-нан 100) және дене жарақатын алғандар саны 2,6% (196-дан 201) өскен, ал қаза болғандар саны -12,5% (24-тен 21) төмендеген.
Жергілікті маңыздағы автожолдар жол-көлік оқиғалар саны 37,7% (53-тен 73) және дене жарақатын алғандар саны 83,5% (79-дан 145) өскен, ал қаза болғандар саны -7,1% (14-тен 13) төмендеген.
Осыған ұқсас жағдай, қалалар мен елді мекендердегі көше-жол желісіне келетін болсақ жол-көлік оқиғалар саны 19,3% (306-дан 365) және дене жарақатын алғандар саны 16,9% (419-дан 490) өскен, ал қаза болғандар саны -7,7% (13-тен 12) төмендеген.
Аталған автожолдарда жүргізушілер тарапынан жылдамдық асыру, қарама-қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, жол белгілерін сақтамау, жаяу жүргіншілерді қағу, бағдаршам объектілерін елемеу себептерінен орын алған.
Жол-көлік оқиғаларының көбеюінің тағыда бір себебі, бүкіл елдегідей, ЖКО есебінің өзгеруі болып табылады, яғни жол-көлік оқиғалары деректері бойынша кез келген өтініш базаға енгізіледі (бұрын ауруханаға жатқызу кезінде және ауыр дене жарақаттарын алу кезінде тіркеу болған).
Жүргізілген талдауға сәйкес, көлік жүргізушілерінің белгіленген жылдамдық режимінен асып кетуі, қарсы қозғалыс жолағына шығу, көлік құралдарының техникалық ақауы (көлік құралдарының 70% - дан астамы 20 жылдан асқан) болып табылатынын көрсетті.
Осыған орай, өздерінің лауазымдық міндеттерін тиісті деңгейде орындамай, жол апаттылығын алдын алудағы профилактикалық жұмыстарын ұйымдастырмағандары үшін, өздеріне бекітілген аудандарында - адамдардың өліміне, бірнеше адамдардың жарақат алуларына, балалардың қатысумен және қараусыз жүрген үй жануарларының жолға шығып кетуімен орын алатын жол көлік оқиғалары бойынша қызметтік тергеулер жүргізіліп, оның саныңда 46 қызметкерлер, полиция бөлімдері мен ППБ басшылық құрамы тәртіптік жауапкершілікке тартылды (АПБ қызмет жөніндегі орынбасарлары-5, АПБ жеке құрамы-10, взвод командирі-2, Тараз қ. және ПД БПП инспекторлары-29).
Ағымдағы жылдың басынан 244 742 (2024 ж. - 217655) құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде полиция қызметкерлерімен (ЕРАП базасы бойынша) 99 224 (2024 ж. - 102628) хаттама толтырылды. Оның ішінде 371 (2024 ж. - 221) жүргізуші мас күйінде ұсталды және жылдамдық режимін бұзған 127 мың 478 (2024 ж. - 113871) дерек анықталды, 3 мың 216 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Скутерлер мен самокаттардың жүргізушілерімен жұмыс қарқынды жүргізілуде, оларға қатысты 411 әкімшілік хаттама толтырылып, 256-ы айыппұл тұрағына қойылды.
7 жедел-профилактикалық іс - шара өткізілді («Қауіпсіз жол», «Автобус», «Тасымалдаушы" және «Құқықтық тәртіп» және т.б.), олардың нәтижелері бойынша 20 000 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында облыс автожолдарының 1464 тексеріс жүргізілген, соның ішінде тексеріспен қамтылғаны – 11050 шқ.
Тексеріс барысында облыс автожолдарында 6549 ақаулық анықталған. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар автожолдарда 674 кемшілік, облыстық маңызы бар жолдарда 563, аудандық автожолдарда 981 және де елді-мекендердің көше-жол желілерінде 4331 кемшілік анықталған.
Тексеріс қорытындысы бойынша жол ұйымдарының басшыларына орындау үшін 1464 жазбаша өкім берілген.
Автокөлік жолдарына қызмет көрсетудегі кемшіліктер бойынша аудандық және облыстық атқару органдарына 638 ақпарат жолданды, соның 197 жергілікті атқарушы органдарға жолданған. Облыс және аудан прокуратураларына 80 ақпарат жолданған және БАҚ-та 361 жариялым шыққан.
Автокөлік жолдарына қанағаттанарлықсыз қызмет көрсеткені және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін облыс бойынша 152 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 631 бабы 1б. бойынша - 114 лауазымдық тұлға, 631 бабы 2б. бойынша - 2 лауазымдық тұлға, 630 бабы 4б. бойынша - 14 лауазымдық тұлға.
Соның ішінде, берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК 462 бабының 3 бөлігімен «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары» КММ-не қатысты 22 әкімшілік хаттама рәсімделіп жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылдың өққткен кезеңінде техникалық ақаулы көліктерді желіге шығарғаны үшін облыс бойынша 37 автокөлік парктерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 617 бабы 1б. бойынша - 35 лауазымдық тұлға, 619 бабы 1 б. бойынша - 2 лауазымдық тұлға.
Сонымен қатар, Қазақстан Републиккасы Ішкі істер министірлігі және Жамбыл облысы Полиция департаментіммен бекітілген жоспарға сәйкес, «Тасымалдаушы!», «Автобус» және тағы басқа жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, жолаушылар тасмалын жүзеге асыратын мердігер мекемелердің көлік құраллдарының техникалық жай-күйіне тексерістер жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Осы тарапта жұмыстар атқару жалғасын табуда және Жамбыл облысы ПД басшылығының қадағалауында.