Заң мен тәртіп: Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы әрекет ету
- author Zhambylokq
- 26 мамыр, 2025
- 520

Қаржы мониторинг органдарының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау болып табылады.
Осы аспектте Департамент қызметінің басым бағыты – көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, атап айтқанда, көлеңкелі экономиканың саласында экономикалық қылмыстардың алдын алу, ашу және жолын кесу.
Сонымен қатар, көлеңкелі экономика қоғамының барлық салаларында болуына байланысты, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес тек қылмыстарды ашу ғана емес екенін түсіну керек, ол көлеңкелі экономиканың аз бөлігі.
2023 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, осы сөздерге дәлел.
Осы бағытта Департаментпен «Атамекен» өңірлік кәсіпкер палатасы бірлесе отырып, кәсіпкерлер мен уәкілетті органдар қатысуымен акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын-сауық бизнесі, қаржы пирамидалары тақырыптары бойынша тұрақты түрде (ай сайын) доңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы
Жамбыл облысының өзекті маселесінің бірі – ЖЖМ-ды Қырғызстанға заңсыз шығаруға қарсы күрес. Аталған мәселені шешу мақсатында «Переток» жедел-профилактикалық шараны өткізу алгоритмі әзірленді.
Жедел-профилактикалық шараның нәтижесінде ЖЖМ-дың шығаруы 65% азайды. Қабылданған шаралармен ЖЖМ дефицитіне жол берілмей дихандардың уақытылы егін жинау жұмыстарына оң әсерін тийгізді.
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің құрамдас бөлігі акцизделетін (контрафактілі) өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес болып табылады.
Бұл құбылыс ел экономикасына, адал кәсіпкерлерге аса ірі зиян келтіріп, халықтың денсаулығына үлкен қауіп келтіреді.
2024 жылда 5 миллиард теңгеден асатын акциздік (шылым) өнімдердің заңсыз айналымы деректері бойынша (акциз сомасы 2 млрд теңгені құрайды) 22 қылмыстық іс тіркелді, 7 млн қораптың көлемінде темекі заңсыз айналымынан тәркіленді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында тақылеттес деректер бойынша 6 қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз айналымынан құны 540 млн тенгеден аса 626 мың қорап темекі және 40 мың литр спирт тәркіленді.
Аталған жұмыстар нәтижесінде, азаматтармен денсаулыққа зиян өнімді пайдалануға жол берілмей, ресми түрде өндірілетін тауарлардан мемлекеттік бюджетті толтыруға жағдай жасалуда.
Алдын алу және түсіндіру жұмыстары
Департамент, профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді, оның ішінде интернет кеңістігінде және халыққа қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізулуде.
Департаментпен Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі және Мемлекеттік кірістер департаментерімен өзара іс-қимылдар белсенді жүргізулуіде.
Сонымен қатар, қазіргі таңда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларға көп көңіл бөлінуде. Департамент тарапынан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылатын іс-шараларға зум-конференциялар арқылы ауданда орналасқан бизнес субъектілерге қатысуға қамтамасыз етіледі, халық көп жиналатын жерлерде және интернет желісінде қаржы пирамидалардың алдын алу бойынша бейнероликтер орналастыруда, одан басқа жергілікті және республикалық телеарналарда түсіндіру жұмыстары жүргізулуде.
Экономикалық құқық бұзушылық қатысты азаматтар қайда жүгіне алады?
Экономикалық құқық бұзушылық деректері туралы, Сіз «AFM Insider» телеграм ботына хабарлай аласыз.
Сенім телефоны Жамбыл облысы бойынша ЭТТД: 34-75-38.
Азаматтарды құқық бұзушылықтарға "нөлдік" төзімділік танытуға, Мемлекет басшысымен ұсынылған "Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті құқық қорғау және мемлекеттік органдарға жүгінуге шақырамыз.
Жамбыл облысы бойынша ЭТТД