«Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының атқарған жұмыстары туралы
- author Zhambylokq
- 26 мамыр, 2025
- 29

2024–2025 оқу жылында облыс оқушылары республикалық және халықаралық деңгейде ұйымдастырылған пән олимпиадалары, ғылыми жобалар байқаулары, робототехника жарыстары мен шығармашылық конкурстарда 464 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 77 медаль – халықаралық білім сайыстарында.
Ғылыми жобалар бағытында 47 оқушы республикалық байқауға қатысып, 35-і жүлдегер атанды. «Зерде» байқауында – 23, ал «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық конкурсында – 7 медаль еншіленді.
Пәндік олимпиадаларда 9-11 сыныптар арасында 32 оқушы жүлдегер атанып, Жамбыл облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» ретінде І орын иеленді. 5 мектеп «100 үздік мектеп» тізіміне енді. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған Өтелбаев атындағы республикалық математикалық олимпиада еліміздің дарынды жастарын Таразда тоғыстырды
Халықаралық жетістіктер қатарына Сабыр Жомарт пен Шарел Марғұланның Еуропа мен Ұлыбританияда жүлдегер атануы, Қанат Нұрқанаттың Дүниежүзі тарихынан абсолюттік чемпион атанып, Парижге жолдама алуы ерекше мақтаныш.
Робототехника және ІТ жобалар саласында облыс оқушылары халықаралық фестивальдер мен конкурстарда жеңіске жетіп, бірнеше білім грантын иеленді.
Шығармашылық бағытта Абай, Әбіш, Шерхан оқулары мен республикалық байқауларда 100-ден астам жүлде алынды.
«Ел үміті» қорының «Мың бала» жобасына қатысқан 467 оқушы жеңімпаз атанып, 318-і мамандандырылған мектептерге қабылданды.
Жамбыл облысының дарынды жастары – Жаңа Қазақстанның болашағына нық қадам басып келе жатқан білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – Әділетті Қазақстанның тірегі!