Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы
ашық
Қазіргі таңда өнеркәсіп саласында 899 кәсіпорын жұмыс атқаруда (18 – ірі, 25 – орта, 856 - шағын). Өнеркәсіп саласында 44,8 мың адам жұмыспен қамтылған. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 389,4 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 123,6% құрады. 2025 жылдың қаңтар-ақпанында шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 4,5 есеге артып, 63,5 млн. АҚШ долларын құрады.

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 190,7 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 66,8%-ға артты. Республикалық жоспар 115%-ға орындалды (жоспар – 165,3 млрд теңге). 2025-2028 жылдар аралығында құны
3,7 трлн. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жобалар
іске асырылуда. 2025 жылы жалпы құны 175,2 млрд. теңгеге
30
инвестициялық жоба іске асырылуда.

2025 жылдың 1-ші мамырына жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 106 426 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,0% артты.

2025 жылдың 1-ші мамырына облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 32,3 млрд. теңгені құрайтын барлығы 14 346 кәсіпкерге несие берілді. 

Облыс бойынша 2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында ішкі сауда көлемі 270,3 млрд. теңгені құрады (НКИ – 102,5%).

Оның ішінде: бөлшек сауда 161,5 млрд. теңге құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%-ға артты, көтерме сауда 108,1 млрд. теңгені құрап, 103,5%-ға өсті.

2025 жылдың қаңтар-наурызында сыртқы сауда көлемі 188,0 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 76,6%-ға артқан. Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

2024 жылдың қорытындысы бойынша облысқа 199 107 турист келіп, 2023 жылмен салыстырғанда туристер саны 127%-ға артып отыр. Облыс аумағында орналасқан негізгі туристік нысандар саны 40-ты құрап, осы нысандар арқылы өтетін 10 жаңа туристік маршруттар әзірленді. Биыл заман талабына сай туристердің барлық сұраныстарын қанағаттандыратын 3 туристік демалыс аймағы ашылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысқа келіп жатқан туристерді ақпараттандыру мақсатында, туристер көп шоғырланатын орындарда, туристерге толық ақпарат беретін, анықтамалық қызметтің барлық ресурстары шоғырланған, бірегей туристік ақпараттық терминалдар орналастырылды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар