2025 жылы Жаңатас қаласында атқарылған жұмыстар туралы
- author Zhambylokq
- 30 мамыр, 2025
- 1

Қала тұрғындарының 10172 (39,7%) экономикалық белсенді халық. Оның ішінде 8624 (33,6.%) жалдамалы жұмысшылар, 1154 (4,5%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болса, қалған 394 (3,9%) азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.
Жалдамалы жұмысшылардың ішінде 2144 азамат (8,3 .%) өнеркәсіп орындары («Еврохим» ЖШС – 507, «Казфосфат» ТКӨК - 1521 «Жел Электр Станциясы» - 30, «Асыл-Тұз» ЖШС - 55, «Жарас» ЖШС - 31) тұрақты жұмыс істеуде.
Қала дамуының негізі:
Қала құраушы және қала экономикасының қарқынды дамуының негізі «өңдеу өнеркәсібі» болып табылады.
Қала құрылғаннан бастап өнеркәсіп саласы қарқынды түрде жұмыс істеп тұрған уақытта халық саны 60 мыңға дейін жеткен.
Қаланың экономикалық әлеуметтік дамуы халық саны мен жұмыс орындарының санына тікелей әсер етеді. Тұрғындардың басым бөлігін тұрақты жұмыспен қамту үшін ірі кәсіпорындарды ұлғайту қажет.
Өндіріс ошақтары мен өндіріс көлемі үлкейген сайын, инфрақұрылым жүргізу (газ, жол, су, электр және т.б.) мүмкіндіктері көбейеді.
Бүгінгі күнге 5 ірі өңдеу өнеркәсібі («Еврохим» ЖШС, «Қазфосфат» ТКӨК, «Жарас» мұнай өңдеу зауыты, «Асыл тұз» соляная компания» ЖШС, «Тараз көлік жолы» асфальт өндіру зауыты) тұрақты түрде жұмыс істеуде.
Биылғы жылдың 4 айында өнеркәсіп өнімдерінің құны 40,2 млрд. теңге құрады, 2024 жылдың 4 ай қорытындысымен салыстырғанда 13,3 млрд теңгеге артты (149,4 %) 2024 жылдың 4 айында өндірген өнім көлемі – 26,9 млрд. теңге.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 49 млрд 158 млн теңгені құраса, 2024 жылдың осы көрсеткіші – 42 млрд 210 млн теңгені құрады, яғни 6 млрд 948 млн теңгеге артып отыр (116,3% ).
Ауыл шаруашылығы саласы:
Бүгінде қалада 18 шаруа қожалығы белсенді жұмыс істеуде. Бұл шаруа қожалықтары 56 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Мал басы саны 420 басқа артты (мүйізді ірі қара 218 басқа, жылқы 56 басқа және құстар 62 басқа).
Қазіргі таңда 5 шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруа қожалығы мәртебесін алған. 1 шаруа қожалығы 90 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара («Абылай» ШҚ 90 бас Ақбас сиыры) және 4 шаруа қожалығы 3664 бас қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын өсіруде. («Жарасбек-ата» ШҚ 750 бас, «Тәуекел» ШҚ 1090 бас, «Айтуған» ШҚ 1100 бас, «Әлішер» ШҚ 724 бас)
Қала тұрғындары 482 сиырын 2 қоғамдық падаға (1 пада - 218 бас, 1 пада - 264 бас) шығарады. Бұл падада 2 бастан 4 бұқа бар.
Қала тұрғындары малдарын жаюға 4,5 мың гектар жайылым жер бекітіліп берілген.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2 әлеуметтік дүкен қызмет атқаруда. («Батыр-Бек», «Шадияр»)
Жыл басынан бері қаламызда 10 мәрте азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Құрылыс жұмыстары
2025 жылға 3,8 млрд. теңгеге жалпы 31 жоба әзірленген. Оның ішінде, 21 жоба (226,2 млн. тг.) қолдау тауып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Жаңатас қаласы бойынша (жалпы құны 4.3 млрд. тг. құрайтын) 6 инвестициялық жобалар (жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен) нақтылауда тұр.
Олар:
- Жаңатас қаласынан "Жастар" спорттық-сауықтыру кешені құрыысын салу - 858,0 млн. тенге (ОБ);
- Жаңатас қаласында 80 пәтерлі көпқабатты 2 үйдің (6 мкр. №17 - 939,1; №18 - 954,3) құрылысы – 1893,4 млн.теңге (РБ);
- Аудандық ауруханың құрылысы – 1596,6 млн.теңге (РБ);
Кәсіпкерлік саласы
Жалпы, бүгінде 1953 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп тұр, өткен жылмен салыстырғанда 285 бірлікке (117,1%) артты. (2024 жылы 1668).
Бұл кәсіпкерлік субъектілері 2984 азаматты жұмыспен қамтып отыр.
330 кәсіпкер өз кәсіптерін дамытуға микроқаржылық ұйымнан 350 млн. теңге көлемінде несиелік қаражат алды.
Бюджеттік жобалар
Өнеркәсіп орындары санының артуы арқасында бюджетке түсетін салық түсімдері де ұлғаюда.
Ағымдағы жылдың 5 айымен бюджет кірісі 189,4 млн теңгені құрап, көрсеткіш 121%- ға артты.
Салықтық түсімдер: (179 510,0 мың тг) оның ішінде
-101202 – Төлем көзінен төленуге жатпайтын жеке табыс салығы: 101 188 мың тг
-104102 – Жеке тұлғалардың мүлік салығы: 509,0 мың тг
-104302 – Жер салығы: 3 158,0 мың тг
-104401 – Заңды тұлғалардың көлік салығы: 887,3 мың тг
-104402 – Жеке тұлғалардың көлік салығы: 71 476,4 мың тг
-105315 – жерді пайдаланғаны үшін төлем: 2 135,5 мың тг
-105430 – Реклама:157,4 мың тг
Салықтық емес түсімдер: (9 799,0 мың тг) оның ішінде
-201510 – коммуналдық мүліктерді жалға беру: 562,0 мың тг
-303101 – Жер учаскелерін сатудан түскен төлемдер: 9 237,0 мың тг
Барлығы: 189,4 млн тг
Әлеуметтік сала
Тұрғындарды әлеуметтік қолдау шаралары да тұрақты ұйымдастырылып келеді.
2025 жыл басынан 136 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 18 (70 адам) отбасыға 310,4 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
2024 жылдың 5 айында қаладағы 181 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 49 (144 адам) отбасыға тұрғын үй жердемақысы төленді 547,8 мың тг.).