Меркі ауданының 2025 жылдың і жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 5 маусым, 2025
- 1

Ауыл шаруашылығы саласында 3779,4 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші 102,3 % құрады. Салыстырмалы түрде алғанда, 2024 жылдың осы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3796,4 млн теңгені құраған болатын.
2025 жылы Меркі ауданында ауыл шаруашылығы саласында бірқатар ілгерілеуге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, жалпы 89160 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 133 гектарға артты.
Негізгі егістік құрылымы: күздік бидай – 29 137 гектар, жаздық арпа – 24 988 гектар, жоңышқа – 24 250,7 гектар, мақсары – 1 583,4 гектар, жүгері – 480,3 гектар, көкөніс – 721,3 гектар, бақша өнімдері – 171,7 гектар, қант қызылшасы – 3 523 гектар, картоп – 172,9 гектарды құрады.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында да оң нәтижелер бар. 2023 жылы 158 дана техника 1225,7 млн. теңгеге сатып алынып, жаңару көрсеткіші 13,5 % құраса, 2024 жылы 176 дана техника 1345,3 млн теңгеге сатып алынып, жаңару деңгейі 15 пайызға жетті. 2025 жылға 50 дана техника сатып алу жоспарланған, қазіргі таңда оның 23 данасы алынып, жоспардың 46 пайызы орындалды.
Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 2024 жылға арналған жоспарында 1 690 гектарға су үнемдеу технологиясын енгізу көзделген болатын, алайда нақты орындалғаны
705 гектар болып, жоспар 41,7 % ғана орындалған.
Ал 2025 жылы 1733 гектарға заманауи су үнемдеу әдістерін енгізу жоспарланып, толығымен орындалды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын арттыру бағытында облыс бойынша элиталы тұқым шаруашылығы Меркі ауданының Сұрат ауылдық округінде орналасқан.
Бұл бағыттағы жұмыстармен «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады. 2024 жылы серіктестік тұқым өндіру мақсатында 271 гектар жерге жаздық арпаның «Арна» сортын және 786 гектарға күздік бидайдың «Стекловидный-24» сортын еккен.
Жаздық арпа алқабының құрылымы: Р-2 – 11 гектар, супер элита – 165 гектар, элита – 95 гектар. Күздік бидай бойынша: Р-2 – 10 гектар, супер элита – 150 гектар, элита – 626 гектар. Аталған алқаптардан жоғары сапалы тұқым өнімі алынды. Атап айтқанда, жаздық арпаның «Арна» сортынан 30 тонна супер элиталы, 250 тонна элиталы және 150 тонна бірінші репродукциялы тұқым өндірілді.
Ал күздік бидайдың «Стекловидный-24» сортынан 30 тонна супер элиталы, 300 тонна элиталы және 900 тонна бірінші репродукциялы тұқым алынды. 2025 жылы тұқым шаруашылығы бағыты бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тапты. Осы жылы жаздық арпаның «Арна» сорты 246 гектар жерге егілді. Оның ішінде: Р-2 – 10 гектар, супер элита – 165 гектар, элита – 71 гектар құрады. Сонымен қатар, күздік бидайдың «Стекловидный-24» сорты 643 гектар алқапқа отырғызылды. Бұл алқаптың құрылымы: Р-2 – 10 гектар, супер элита – 150 гектар, элита – 453 гектар.
Жыл басынан бері ауданда бөлшек сауда айналымының көлемі 5695,4 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,1 % құрап, сауда саласында тұрақты өсім бар екенін көрсетеді
Мал шаруашылығы саласында да тұрақты өсім байқалады. Жыл басынан бері ірі қара мал – 40 671 басқа, ұсақ мал – 265 263 басқа, жылқы – 18 573 басқа жетсе, үй құстары – 40 898 басты құрады. Оның ішінде, асыл тұқымды мүйізді ірі қара 6747 басқа жетіп, жалпы мүйізді ірі қара үлесінің 16,6 пайызын құрады.
Асыл тұқымды ұсақ мал саны 39 957 басқа жетіп, жалпы ұсақ малдың 15,2 пайызын құрады, асыл тұқымды жылқы саны 256 бас болып, жалпы жылқының 1,3 % құрайды.
Мал өнімдері бойынша: Жыл басынан бері 2 033,2 тонна ет өндіріліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,9 % жетті. Сүт өндірісі 5 204,4 тоннаны құрап, 101,5 пайызды құрады.
Бүгінгі күнде ауданнан шетелге ет экспорты да жүзеге асырылуда. «Меркі-ет комбинаты» ЖШС 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында Иран, Кувейт, Катар және Біріккен Араб Әмірліктеріне 163 тонна қой етін экспорттады.
Ал, сүт өнімдерін өңдеу бойынша, ауданда 1 ірі кәсіпорын және 16 шағын ірімшік цехы жұмыс істейді. «Меркі ірімшік зауыты» бүгінге дейін 1 215,9 тонна сүт қабылдап, терең өңдеуден өткізсе, шағын цехтар 1 500 тонна сүтті өңдеді
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
2025 жылы бүгінге дейін 6 млрд. 994,6 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 120,9 % көрсетті.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім бар екенін білдіреді. 2024 жылдың осы мерзімінде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 5 697 млн теңге болған еді.
Аталған инвестиция көлемінің құрылымына тоқталсақ, 2025 жылы: бюджеттік қаражат есебінен – 745,4 млн теңге инвестиция салынса, жеке және қарыз қаражаты есебінен – 6 млрд. 249,2 млн теңге инвестиция тартылды.
2025 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 6394,2 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 208,2 пайызды көрсетті.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсімді білдіреді. Атап айтқанда, 2024 жылдың осы мерзімінде құрылыс жұмыстарының көлемі 3031,5 млн теңге болған.
Сонымен қатар, 2025 жылдың алғашқы төрт айында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы аумағы 14300 шаршы метрді құрады.
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,7 пайызды құрап отыр.
Қазіргі уақытта әлеуметтік осал топтарға арналған
108 пәтерді беру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін тағы 60 пәтердің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Аудан бюджетінің орындалуы бойынша 2025 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін аралығында бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жоспар 2491,9 млн теңге көлемінде бекітілсе, нақты түскен түсім көлемі 2918,7 млн теңгені құрап, жоспар
117,1 % орындалды.
Соның ішінде меншікті кірістер бойынша жоспарланған 1594,7 миллион теңгенің орнына 2021,5 млн теңге түсті.
Бұл – жоспардың 126,7 % орындалғанын көрсетеді. Нәтижесінде, аудан бюджетіне жоспардан 426,8 млн теңгеге артық қаражат түсті.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі де жоғары деңгейде орындалды. Жоспарланған 2998,6 млн теңгенің орнына 2993,1 млн теңгесі игеріліп, 99,8 пайыз деңгейінде орындалды.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев: Тарихқа деген көзқарас саяси ахуалдың ықпалында кетпеуі тиіс
- авторZhambylokq
- 1 маусым, 2025