Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Цифрландыру саласында атқарылып жатқан жұмыстар

Цифрландыру саласында атқарылып жатқан жұмыстар
ашық
2022-2023 жылдары «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде 1250 бейнебақылау камерасы және «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 48 бекеті орнатылды. Жамбыл облысының Полиция департаментінің жедел басқару орталығында 10 операторға арналған жұмыс орны ашылды.

2025 жылы «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін  талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» мемлекеттік-жекешілік әріптестік шартқа №6 қосымша келісім жобасы әзірленді. Келісім жобасына сәйкес:

•           Барлығы 96 аппараттық-бағдарламалық кешен, 800 жалпы бейнебақылау камералары орнатылады, оның ішінде 50 айналмалы, 750 тұрақты;     

•           Жамбыл облысы Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығында, операторларға арналған 8 жұмыс орны құрылады.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сұрауы бойынша «IP Технологии» ЖШС пилоттық режимде қала шегінде өртті мониторингтеу және мерзімінен бұрын анықтау үшін Желтоқсан көшесі, 78 мекенжайы бойынша камералар орнатты.

Жоба бейнебақылау камераларын Төтенше жағдай департаментінің кезекшілік-диспетчерлік бөлімшелеріне шығарудың негізгі мақсаты өрт қауіпті кезеңде өрттерді «101» телефон нөміріне қоңырау күтпей, өздігінен алдын ала өрттерді анықтау болып табылады.

Пилоттық режимде «автоматты түрде түтінді анықтау» функциясы қосылып тұр.

2024 жылғы 13 қыркүйекте облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің №141-ө өкімімен бекітілген «Ақылды қаланы» құру әдістемесіндегі бастамаларды іске асыру бойынша Жол картасы аясында іске асырылып жатқан жобалар:

Денсаулық саласы бойынша

2025 жылы Жамбыл облысының медициналық мемлекеттік мекемелерінде жасанды интеллект диагностикасы қолданылатын болады. Жасанды интеллект ісіктер немесе жүрек аурулары сияқты ауытқуларды анықтау үшін медициналық кескіндерді (флюорография, рентген, МРТ, КТ) өңдеуге көмектеседі. (Жобаны «Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен «WDSOFT» ЖШС жеке компаниясы жүзеге асыруда. Жамбыл облысының 22 медициналық мекемесін (қосымша ғимараттарымен қоса алғанда 33 нысана) бірыңғай радиологиялық ақпараттық жүйемен біріктіруде.) Ол деректерді талдай алады және адамға байқау қиын үлгілерді анықтайды және 95% диагноз жасанды интеллект арқылы  қойылатын болады.

Тараз қаласындағы ауруханалар мен емханаларда медициналық қызметтерді көрсету фактісін растау және негізсіз жазбалардың алдын алу мақсатында Face ID технологиясы қолданылады.

«Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы 2023 жылғы 30 наурыздағы №49 бұйрығының стандартына» сәйкес пациенттерді сәйкестендіру үшін «Цифрлық құжат» сервисі («Электрондық үкімет») және Face ID технологиясы (16 жастан асқан ҚР азаматтары үшін) қолдануға болады.  Жамбыл облысында кезең-кезеңмен Face ID технологиясына 91 медициналық ұйым қосылды.

Көгалдандыруды есепке алу бойынша

https://taraz.botsad.kz/ Деректер базасы жасыл желектердің қазіргі жағдайын бағалауға негізделген. Деректер базасында жасыл желектердің тіршілік формалары мен ландшафттық-сәулеттік функциялары (ағаш, бұта, хеджирлеу және басқалары), сондай-ақ агротехникалық іс-шаралар (суару, кесу, санитарлық кесу, тәждеу және т.б.) бойынша мәліметтер көрсетілген.

Тараз қаласында 21 объект (6 парк, 2 сквер, 1 аллея, 12 жол бойы) бойынша тіркелген өсімдіктердің жалпы саны 30 018 ағашты кұрайды.

IT экожүйесін дамыту бойынша

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты Жамбыл облысының әкімдігі мен және «Astana Hub» халықаралық Технопаркімен бірлесіп, институт аумағында өңірлік ІТ хабты іске асыру жөніндегі міндеттерді қамтитын ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылып, 2023 жылдың ақпан айында Институт аумағында «ZhambylHub» құрылды.

 «ZhambylHub» өңірлік IT-хабының басты міндеті өңірдегі перспективалы стартап жобаларды қолдау болып табылады. «Astana Hub» - пен тығыз ынтымақтастықтың арқасында «инкубация» және «акселерация» бағдарламалары арқылы жобаларды бизнес-инкубациялау, сондай-ақ оларды «Astana Hub» аумағында одан әрі сүйемелдеу мүмкіндігі пайда болды.

2025 жылы 22-ден  астам іс-шаралар өткізілді.

2025 жылдың сәуір айында «Astana Hub» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының Жамбыл облысы бойынша «Zhambyl Hub» өңірлік филиалы заңды түрде «Тараз қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының филиалы» болып тіркелді, филиалының өңірлік директоры Нұржан Сағындық.

2025 жылы 29 қаңтарда Zhambyl Hub және Jambyl Innovation High College ұйымдастырған Speaker Talk іс-шарасы өтті.

2025 жылдың 11 ақпан күні «INNOVATE TARAZ: IT, TOURISM & EDUCATION» хакатоны өтті.

Жамбыл Инновациялық жоғары колледжінде 2025 жылға  дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді. 

Жол картаға сәйкес, 2025 жылғы іс-шараларға демеушілер есебінен қаражат қарастыру,  бірнеше іс-шараларды өткізу (Innovate Taraz hackathon, Рizza pitch, Іdea battle воркшоптар, стартаптарды ілгерілету бойынша инкубациялық жұмыстар және т.б.) барлық іс-шаралар үшін мерчтер сатып алу, маркетингтік қызметтер және т.б. тармақтары қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Тараз қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының филиалы мен Жамбыл инновациялық жоғары колледжімен бірлесіп ұйымдастыруымен «Innovation» атты республикалық хакатоны өтті.

Жамбыл облысының өңірлік геоақпараттық жүйесі – бұл                     e-jambyl.kz геопорталы, ол Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары бекіткен бірыңғай талаптарға сай жүзеге асырылған.

Өңірлік геоақпараттық жүйесінде тұрғындар үшін ашық картаға 124 қабат және қызмет бабында пайдалану үшін электрондық жабық картаға 700 ден астам картографиялық қабаттар енгізілді.            Геопорталдың негізгі мүмкіндіктері мен жетістіктері:

«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы:

2022 жылдан бастап жастарға жеңілдетілген несиеге өтінімдер Геопортал арқылы онлайн қабылдануда.

3 жыл ішінде – 1778 өтінім қабылданып, 260-тан астам жас отбасы аталған бағдарлама арқылы тұрғын үйге ие болды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар