Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл ауданының 2025 жылдың қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Жамбыл ауданының 2025 жылдың қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
ашық
Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін байқалған, негізгі көрсеткіштер барлық бағыттар бойынша өсім көрсетіп отыр жеткізді.

Өнеркәсіп

2025 жылдың қаңтар–маусым айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 8 125,9 млн теңгені құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,8%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі, әсіресе тамақ өнімдерін өндіру және құрылыс материалдары өндірісі салаларында айтарлықтай өсім тіркелді.

                    

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында 10 122,9 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға артты. Оның ішінде:

         •        Мал шаруашылығы – 6 879,0 млн теңге,

         •        Өсімдік шаруашылығы – 3 243,9 млн теңге.

Мал басының барлық түрі бойынша өсім сақталуда. Сонымен қатар, биылғы егіс науқаны уақтылы аяқталып, негізгі дақылдар егіс көлемі артты.

 

Негізгі капиталға инвестициялар

2025 жылдың алты айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4 125,5 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3%-ға орындалып отыр. Инвестициялардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы салаларына бағытталды.

 

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 289,6 млн теңгеге жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 102,6%-ға артық. Аудан аумағында жаңа мектептер (3) мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысы басталды.

 

Тұрғын үй

2025 жылдың алғашқы жартысында жалпы ауданы 18 425 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,8%-ды құрайды. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы көпбалалы және әлеуметтік осал топтарға биыл 40  тұрғын үй берілді, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Сауда

Бөлшек сауда тауар айналымы 6 259,7 млн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,7%-ға артты. Бұл көрсеткіш аудандағы халықтың сатып алу қабілеті мен кәсіпкерлік белсенділіктің артқанын көрсетеді.

 

Жұмыспен қамту

Ауданда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі» сияқты мемлекеттік бағдарламалар аясында жүздеген азамат тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтылды.

 

Қорытынды

Жамбыл ауданы 2025 жылдың алғашқы жартысында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз етіп отыр. Аудан әкімдігі алдағы уақытта да инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар