Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының алты айлық жұмыс қорытындысы
- author Zhambylokq
- 13 маусым, 2025
- 9

Атап айтқанда, орталық жанынан жаңа құрылым – «Дәстүр және өнер» бөлімі ашылып, оған бөлім меңгерушісі тағайындалды. Бөлімнің нақты жұмыс бағыттары айқындалып, соның аясында «Даналық мектебі», «Шаңырақ шуағы», «Той мәдениеті – ұлт мәдениеті» секілді тақырыптарда мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, орталықтың бастамасымен той мәдениетін жүйелеу және дамыту мақсатында өңірде алғаш рет «Асабалар алаңы» қоғамдық құрылымы құрылды. Құрамына 21 асаба мүше болып тіркелген бұл алаң – ұлттық таным мен қазіргі мәдениеттің өзара ықпалдастығын арттыруға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.
Аталған бағытта атқарылған жұмыстар бойынша Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры – Жасұлан Әбдіманап арнайы баспасөз конференциясы барысында кеңінен тоқталып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді. Сонымен қатар, спикер орталықтың соңғы алты айда атқарған жұмыстары, өңірдегі руханият үдерісі, сондай-ақ жыл соңына дейін жоспарланған іс-шаралар мен алда тұрған ауқымды жұмыстар туралы ақпаратпен бөліседі.