Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 13 маусым, 2025
- 66

2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында аудан экономикасы бірқалыпты оң динамиканы көрсетті:
• Өнеркәсіп өндірісі – 12,9 млрд теңге (нақты көлем индексі – 105,6%). Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 млрд теңгеге артық.
• Инвестиция көлемі – 11,3 млрд теңге (өсім – 234,9%), оның 85%-ы жеке инвестициялардан құралған.
• Құрылыс жұмыстары – 2,6 млрд теңге, бұл көрсеткіш 233,4%-ға жетті.
• Тұрғын үй құрылысы – 7051 шаршы метр (өсім – 33,5%), негізінен жеке сектор есебінен.
• Ауыл шаруашылығы – 4 млрд теңге (102%), мал басының өсімі – 7,1%.
• Егіс алқабы – 12145 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
• Шағын және орта кәсіпкерлік – 3823 субъект тіркелген. Жалпы құны 127 млн теңгені құрайтын жобалар іске асырылуда.
Ірі инвестициялық жобалар:
• Talas Investment Company – 25,8 млрд теңге, 300 жаңа жұмыс орны;
• KARATAU CHEMICALS – 2,88 млрд теңге, құрылыс аяқталып, жоба іске қосылу алдында;
• Asia NST – мрамор өндіру жобасы іске қосылды;
• Жамбыл Недр – әк зауытының құрылысы жалғасуда.
“Ауыл аманаты” жобасы аясында 48 жоба ұсынылып, 29 жоба (197,4 млн теңге) қаржылай қолдау тапты. Оның ішінде жылыжай, наубайхана, құрылыс материалдары өндірісі, қызмет көрсету бағыттары бар.
Газдандыру мен жылумен қамту:
• 17 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып (73,9%), бұл көрсеткіш 2027 жылға дейін 100%-ға жеткізіледі.
• Қазіргі таңда 4 ауылда газ тарту жұмыстары жүріп жатыр.
• Жылу жүйелерін жаңғырту, қазандықтарды қайта жарақтау бағытында да нақты істер қолға алынған.
“Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы шеңберінде 12 көшеге жөндеу жұмыстары, мәдениет үйлерін жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда.
Қорытынды:
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты даму арнасында. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвестициялардың есебінен негізгі салаларда оң өсім байқалады. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса бермек.